Мәслихат қызметін ұйымдастыру жұмыстары жөніндегі облыстық мәслихат хатшысының есебі


Облыстық мәслихат хатшысы

Н. Тумышевтың 2022 жылғы 29 наурыздағы

облыстық мәслихаттың 9 сессиясындағы есебі 


«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңында мәслихат жұмысын ұйымдастыруға байланысты: «Мәслихат мәслихат хатшысын сайлайды және оның есебiн тыңдайды» деп көрсетілген.

Осыған байланысты өздеріңіздің назарларыңызға 2021 жылғы облыстық мәслихатта атқарылған қызметтер бойынша есепті назарларыңызға ұсынамын.

2021 жылғы 10 қаңтар күні өткен парламент мәжілісінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауы өткендігін өздеріңіз жақсы білесіздер.

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2020 жылғы 11 қыркүйектегі № 21/323 «Сайланатын мәслихаттар депутаттарының санын айқындау туралы» қаулысымен 7 шақырылған Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаттарының саны 32 болып айқындалды.

Осыған орай, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалық талаптарына сәйкес, партия тізімімен облыстық мәслихаттың депутаттығына 3 партиядан 32 депутат сайланды, оның ішінде 21 депутат ер адам, 11 депутат әйел адам және 32 депутаттың төртеуі 30 жасқа дейінгілер.

Сонымен қатар, облыстық мәслихатқа сайланған 32 депутат 3 партиядан сайланды, атап айтқанда: 

«AMANAT» (Nur Otan) партиясынан – 26 депутат;

«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясынан – 3 депутат;

   Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясынан – 3 депутат. 

Осы орайда, облыстық мәслихатта 3 партиядан 3 депутаттық фракция тіркеліп, өз қызметтерін атқарып келеді.

 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес мәслихаттардың қызметінің негізгі нысаны сессия болып табылады және мәслихат құзыретіне белгіленген міндеттерді іске асырады.

Өңір тынысына қатысты өзекті мәселелер міндетті түрде облыстық мәслихат сессияларында қаралады.

Сессияларда облыстың даму бағдарламаларының орындалысы жөнінде, атқару органдары басшыларының есептері тыңдалады.

2021 жылдың ішінде облыстық мәслихаттың 8 сессиясы өткізіліп, онда 100-ге жуық мәселелер қаралды.    

Олардың 4-уі кезекті, ал 4-уы кезектен тыс сессиялар.  Сессияларда облыстық бюджетті қалыптастыру және оның орындалуы, «Облыстағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылуының есебі туралы»,  «Маңғыстау облысы бойынша жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасының іске асырылуы туралы», «Маңғыстау облысын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша талдау жұмыстарын жалғастыру», «2020 жылға арналған облыстық бюджеттің орындалуы жөніндегі есепті бекіту туралы» және Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі облыс әкімінің есебі қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.

Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңына сәйкес, сессияның құқықтық нормасы қарастырылған 20-дан астам шешімдері қаралып, әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өтті.

Сонымен қатар, мәслихат міндеттерінің басым бағыттарын жүзеге асыруда тұрақты комиссиялардың орны айрықша.

Мәслихатта экономика және бюджет мәселелері жөніндегі және әлеуметтік мәселелер және заңдылық пен құқық тәртібі мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиялары өз қызметтерін атқаруда.

Тұрақты комиссиялардың 10-ға жуық отырыстары болды.

Жалпы, тұрақты комиссиялардың құзіретіне Қазақстан Республикасының білім беру, жұмыссыздық, қаржы, денсаулық сақтау, салық саясаты, өнеркәсіп, кәсіпкерлік және энергетика мәселелері бойынша заңдарды іске асыру бағдарламаларымен, жоспарлары және облыстық мәслихаттың сессияларында қаралатын мәселелердің кең спектрі енеді.

Атқарылған жұмыстар туралы тұрақты комиссиялардың төрағалары жыл сайын міндетті түрде мәслихаттың сессияларында есеп беріп келеді.

Сонымен қатар, депутаттар алдын ала бекітілген кестеге сәйкес жыл ішінде «AMANAT» партиясының қоғамдық қабылдауында азаматтарға қабылдау жүргізеді.  

Бұл туралы жұртшылыққа алдын ала хабардар етіледі.

Бұл қабылдауларда көтерілген мәселелер бойынша депутаттар өздерінің құзіретінде шешілетін мәселелерді жедел ұйымдастырып келеді.

Қабылдаулар бойынша жыл сайын талдау жасалып отырылады. Талдау көрсеткеніндей, азаматтардың қабылдауда негізгі көтеретін мәселелері: жұмысқа орналасу және тұрғын үй алу мәселелері.

Осыған орай кейбір мәселелер бойынша жергілікті атқарушы органдарға хатпен жолданады.

Депутаттық өкілетті жүзеге асырудың маңызды бір түрі – депутаттық сауал салу.

2021 жылы облыстық мәслихаттың депутаттарымен 200-ден астам депутаттық сауалдар жолданды.

Сонымен қатар, облыстық мәслихаттың депутаттары қалалық және аудандық мәслихаттың депутаттарымен бірлесіп жыл соңында өз округтері бойынша сайлаушыларымен кездесу өткізіп отырады.

Кейбір өзекті мәселелерді сессияларда қарауға әзірлеу мақсатында депутаттардан құралған уақытша «Жұмысшы тобы» құрылады.

Алдағы уақытта да әрбір өзекті мәселелер бойынша депутаттық уақытша Жұмысшы топтар құрылып, өз жұмыстарын ұйымдастырып отыратын болады.

Сонымен қатар, өткен жылы жем-шөп мәселелері бойынша облыстық мәслихаттың депутаттары болып, басқа облыстарға барып, өзара ынтымақтастық туралы меморандумдар жасасып, бірге жұмыстар атқарылуда.

Қәзіргі таңда, Түркістан, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарымен меморандумға қол қойылды. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта өз жалғасын табатын болады.

Өткен жылдың қыркүйек айында Сенат жанындағы Кеңес Төрағасының орынбасары, «Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Т.Мұқашевтың және Ақтөбе, Атырау және Батыс Қазақстан облыстық мәслихаттарының хатшыларының қатысуымен Ақтау қаласында «Қазақстан Республикасы Президенті Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауларының талаптары аясында мәслихат депутаттары қызметінің ұйымдастырушылық-құқықтық нысандарын жетілдіру» тақырыбында Дөңгелек үстел отырысы өтті.

Онда көптеген мәселелер қаралапы, тиісті хаттамалар толтырыплып мәслихаттар тарапынан ұсыныстар берілді.

Сол айтылған кейбір ұсыныстар ағымдағы жылдың 16 наурыз күнгі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауында айтылып өтті. Жалпы Жолдаудың тарихи маңызы да, мемлекеттілігіміз үшін мәні де ерекше зор болды.

Президент өз жолдауында ауқымды саяси реформалар мен бірқатар әлеуметтік-экономикалық шараларды жариялады.

Атап айтсақ Жолдауда, Қазақстан суперпрезиденттік жүйеден кетіп, парламентік жүйені күшейтуді, Мәжілістің депутаттық корпусы аралас негізде құруды, яғни, парламентарийлердің 70 пайызы пропорционалды, 30 пайызы мажоритарлы тәртіппен сайланады.

Бұл реформалардың мәслихаттардың жұмыстарынада тікелей қатысы бар, яғни алдағы уақытқа ауқымды жұмыстар атқарылуы күтіліп отыр.

Алдағы уақытта жоғарыда айтып өткен мәселелер бойынша депутаттық корпус өз жұмыстарын жалғастыратын болады. 

Дата публикации: 23 мая 2022

Другие маслихаты

Официальный сайт Президента 

Республики Казахстан 

akorda.kz

Сенат Парламента 

Республики Казахстан 

senate.parlam.kz

Мажилис Парламента 

Республики Казахстан 

www.parlam.kz/ru/mazhilis

Акимат 

Мангистауской области 

www.gov.kz/memleket/entities/mangystau

Правительство 

Республики Казахстан 

primeminister.kz

Центральная избирательная комиссия 

Республики Казахстан 

www.election.gov.kz

Верховный Суд 

Республики Казахстан 

sud.gov.kz

Генеральная прокуратура 

Республики Казахстан 

www.gov.kz/memleket/entities/prokuror

Комитет национальной безопасности 

Республики Казахстан 

www.gov.kz/memleket/entities/knb