Мангистауский областной маслихат

Официальный интернет ресурс
10.12.2019

Мәслихат қызметін ұйымдастыру жұмыстары жөніндегі облыстық мәслихат хатшысының есебі


Облыстық мәслихат хатшысы

Н. Тумышевтың 2019 жылғы 10 желтоқсандағы

облыстық мәслихаттың 32 сессиясындағы есебі

 

Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңында мәслихат жұмысын ұйымдастыруға байланысты: «Мәслихат мәслихат хатшысын сайлайды және оның есебiн тыңдайды» деп көрсетілген.

Осыған байланысты өздеріңіздің назарларыңызға 2019 жылғы облыстық мәслихатта атқарылған қызметтер бойынша есепті назарларыңызға ұсынамын.

Заңға сәйкес мәслихаттардың қызметінің негізгі нысаны сессия болып табылады және мәслихат құзыретіне белгіленген міндеттерді іске асырады.

Өңір тынысына қатысты өзекті мәселелер міндетті түрде облыстық мәслихат сессияларында қаралады.

Сессияларда облыстың даму бағдарламаларының орындалысы жөнінде, атқару органдары басшыларының есептері тыңдалады.

2019 жылдың ішінде облыстық мәслихаттың 10 сессиясы өткізіліп, онда 100-ден астам мәселелер қаралды.        

Олардың 4-уі кезекті, ал 6-уы кезектен тыс сессиялар.         Сессияларда облыстық бюджетті қалыптастыру және оның орындалуы, «Облыста мектепке дейінгі білім берудің сапасы және оны жетілдіру жолдары туралы»,  «Облыстағы энергия тиімділгі мен энергия үнемдеуді арттыру жөніндегі шаралар туралы», «Облыста денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру туралы» және облыстың полиция департаментінің қызметінің есебі және басқа да бірқатар маңызды мәселелер қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.

Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңына сәйкес, сессияның құқықтық нормасы қарастырылған 20-дан астам шешімдері қаралып, әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өтті.

        Сонымен қатар, мәслихат міндеттерінің басым бағыттарын жүзеге асыруда тұрақты комиссиялардың орны айрықша.

      Мәслихатта экономика және бюджет мәселелері бойынша және әлеуметтік мәселелер бойынша екі тұрақты комиссия өз қызметтерін атқаруда.

   Тұрақты комиссиялардың 10-ға жуық отырыстары болды.

        Жалпы, тұрақты комиссиялардың құзіретіне Қазақстан Республикасының білім беру, жұмыссыздық,  қаржы, салық саясаты, өнеркәсіп, кәсіпкерлік және энергетика мәселелері бойынша заңдарды іске асыру бағдарламаларымен, жоспарлары және облыстық мәслихаттың сессияларында қаралатын мәселелердің кең спектрі енеді.

Атқарылған жұмыстар туралы тұрақты комиссиялардың төрағалары жыл сайын міндетті түрде мәслихаттың сессияларында есеп беріп келеді.

Сонымен қатар, депутаттар алдын ала бекітілген кестеге сәйкес жыл ішінде «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауында азаматтарға қабылдау жүргізеді.  

Бұл туралы жұртшылыққа алдын ала хабардар етіледі.

Бұл қабылдауларда көтерілген мәселелер бойынша депутаттар өздерінің құзіретінде шешілетін мәселелерді жедел ұйымдастырып келеді.

Қабылдаулар бойынша жыл сайын талдау жасалып отырылады. Талдау көрсеткеніндей, азаматтардың қабылдауда негізгі көтеретін мәселелері: жұмысқа орналасу және тұрғын үй алу мәселелері.

Осыған орай кейбір мәселелер бойынша жергілікті атқарушы органдарға хатпен жолданады.

Депутаттық өкілетті жүзеге асырудың маңызды бір түрі – депутаттық сауал салу.

2019 жылы облыстық мәслихаттың депутаттарымен 50-ден астам депутаттық сауалдар жолданды.

Сонымен қатар, облыстық мәслихаттың депутаттары қалалық және аудандық мәслихаттың депутаттарымен бірлесіп жыл соңында өз округтері бойынша сайлаушыларымен кездесу өткізіп отырады.

        Кейбір өзекті мәселелерді сессияларда қарауға әзірлеу мақсатында  депутаттардан құралған уақытша «Жұмысшы тобы» құрылады.

        Ағымдағы жылдың 22-29 қарашасы аралығында 2020-2022 жылдарға арналған облыс бюджетінің жобасын талқылау үшін 3 депутаттық уақытша Жұмысшы топтар құрылып өз жұмыстары мен отырыстарын ұйымдастырды.

        Бұл отырыстардың басты мақсаты экономика басқармасымен бірлесе отырып, облыстың басқарма басшыларының қатысуымен 2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджетті жан жақты талқылап және депутаттар өз округтерінің сайлаушыларынан келіп түскен ұсыныстарын әкімдікке жеткізу мақсатында болды.

       

        Алдағы уақытта да әрбір өзекті мәселелер бойынша депутаттық уақытша Жұмысшы топтар құрылып, өз жұмыстарын ұйымдастырып отыратын болады.