Мангистауский областной маслихат

Официальный интернет ресурс
29.05.2019

Об отчете председателя постоянной комиссии по социальным вопросам и вопросам законности и правопорядка


                                        

 

Әлеуметтік мәселелер және

заңдылық пен құқық тәртібі

                                                                мәселелері жөніндегі тұрақты

                        комиссияның төрағасы

  А. Меңдібаевтың баяндамасы

 

Құрметті депутаттар! «Қазақстан Республикасындағы жергілікті басқару және өзін – өзі басқару туралы» заңының 12 – бабына сәйкес сіздердің назарыңызға облыстық мәслихаттың әлеуметтік мәселелер және заңдылық пен құқық тәртібі мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының есебін ұсынамын.

Тұрақты комиссияның құрамында 12 депутат бар.

Мәслихат міндеттерінің басым бағыттарын жүзеге асыруда тұрақты комиссиялардың орны ерекше. Комиссия алдында тұрған негізгі міндет - мәслихаттың юрисдикциясына қатысты мәселелерді дайындау және қарау, оның шешімдерін іске асырылуына көмектесу, өз құзыреті шегінде бақылау функцияларын жүзеге асыру. Біздің құзыретіміздегі ең маңызды мәселелердің бірі – біздің өңірдің әлеуметтік – экономикалық дамуы. Өңір тынысына қатысты өзекті мәселелер міндетті түрде тұрақты комиссия отырысында қаралады.

Осы кезеңде Тұрақты комиссияның 7 отырыстары болды.

         Бұл отырыстарда сессияға ұсынылған 100 ден астам өзекті мәселе қаралды және олардың орындалысы да күнделікті қызметтер аясында жүзеге асырылуда.

Олардың ішінде атап өтетін болсақ:

«Жастарды еліміздің әлеуметтік экономикалық және қоғамдық-саяси өміріне тарту бойынша облыста атқарылып жатқан жұмыстар туралы»;

«2017 жылға арналған облыстық бюджеттің орындалуы жөніндегі есепті бекіту туралы»;

«Ел басының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» жолдауын іске асыру аясында облыста атқарылып жатырған жұмыстардың жайы туралы»;

«2019 жылға арналған облыс бюджеті туралы» маңызды мәселелер қаралды.

2018 жылдың облыстық мәслихаттың әлеуметтік мәселелер және заңдылық пен құқық тәртібі мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес:

«Маңғыстау облысының мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қоғамға біріктіру туралы» мәселесі қаралды. Мәселені талқылау барысында облысымызда мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қазіргі таңда облыста тұратын 670 494 адамның 3,7% немесе 25 024 адамы мүгедек болып табылады. Тұрақты комиссия, жергілікті атқарушы органдар тарапынан мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қолдау мақсатында бір шама жұмыстар атқарылғанын атап өтеді. Атқарылған жұмыстардың ішінде комиссия мүшелері ерекше көңіл бөлген  шараларының бірі -  оларды жұмыспен қамту.

2018 жылдың 1 қарашасындағы жағдайға өтініш білдірген мүмкіндігі шектеулі 660 адамның 554 жұмысқа орналасқан;

-         36 адам қысқа мерзімді оқу курстарымен қамтылған;

-         1 адам жаңа  бизнес идея грантын алған.

Депутаттар мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмыспен қамту үшін атқарылған шараларға оң бағасын берді және осы бағыттағы нәтижелерді жақсарту бойынша жұмысты күшейту қажет екендігі туралы ұсыныс берілді.

Жұмыс жоспарындағы тағы бір мәселе «Облыстың кәсіпорындарында және ұйымдарында еңбек заңнамасының сақталуын қадағалау туралы» болып табылады.

Бұл мәселе бойынша тиісті басқарма басшысының баяндамасы тыңдалды. Есептің барысында 2017 жылмен салыстырғанда еңбек заңнамасын бұзудың төмендеуі анықталды. Сонымен қатар, заң бұзушылықтардың арасындағы, ең көп басым саны жалақы төлеу мерзімін сақтамау мәселесі болып табылды. Осыған орай комиссия мүшелері тарапынан кеш ақы төлеу туралы мәселені қатаң бақылауға алу тұралы ұсыныс берді. Комиссия мүшелері есептің қорытындысы бойынша облыстың кәсіпорындарында және ұйымдарында еңбек заңнамасының сақталуын одан әрі жетілдіру жөнінде ұсыныс берілді.

Тұрақты комиссия отырыстарында қаралатын мәселелер бойынша Жұмысшы топтары құрылып, іс-қимыл жоспары жасақталады. Мекемелер мен ұйымдардың басшыларынан тиісті ақпараттар алынып, жинақталған мәліметтер бойынша Жұмысшы тобы талдау жасайды. Мәселені зерттеп, тұрақты комиссия отырысына шығару үшін депутаттармен қатар тиісті органдардың құзіретті мамандары да қатыстырылады, өздері белгілі аймаққа барып, жұмыспен танысады.

Маңыздылығы бойынша ең жиі талқыланған әрине әлеуметтік мәселелер, оның ішінде нақты айтатын болсақ, білім беру, денсаулық сақтау. Бюджеттен осы салаларға біршама қаржы бөлініп отырылғандығы осыған дәлел. Әлеуметтік шығыстармен бірге бюджеттің айтарлықтай бөлігі қалалар мен аудандарды абаттандыру, көлік инфрақұрылымын дамыту мен қауіпсіздікті жоғарылату сияқты инфрақұрылымдық жобаларға жұмсалды. Талдау қорытындылары бойынша депутаттар бағдарламаларды іске асыруға қатысты бірқатар ұсыныстар жасады. Сонымен бірге, бөлінген бюджет қаражатын толығымен игеру мақсатында іс-қимыл жасау және жоспарланған іс-шараларды уақытылы орындау қажеттілігіне назар аударылады.

Тұрақты комиссия облыстың әрі қарай дамуына оңтайлы ықпал ететін әлеуметтік маңызы бар мәселелерді қарауды өзінің ең басты міндеттері деп санайды.

Есепті кезеңдегі тұрақты комиссия қызметінің негізгі кезеңдерін қысқаша айтып өттім. Қорытындылай айтқанда, өз әріптестерімді, комиссия мүшелерінің жемісті және нәтижелі жұмыстарына ризашылығымды білдіргім келеді.

Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиясы алдағы уақытта да облысты өркендетуге байланысты әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуде өз үлестерімізді қосамыз деп есептеймін.

         Назарларыңызға рахмет.