Мангистауский областной маслихат

Официальный интернет ресурс
28.02.2019

Об отчете председателя постоянной комиссии по вопросам экономики и бюджета


                                        

 

Экономика және бюджет мәселелері                                                       жөніндегі тұрақты комиссия төрағасының баяндамасы

                                                        

 

Құрметті депутаттар! «Қазақстан Республикасындағы жергілікті басқару және өзін – өзі басқару туралы» заңының 12 – бабына сәйкес сіздердің назарыңызға облыстық мәслихаттың экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының есебін ұсынамын.

Тұрақты комиссияның құрамында 12 депутат бар.

Мәслихат міндеттерінің басым бағыттарын жүзеге асыруда тұрақты комиссиялардың орны ерекше. Комиссия алдында тұрған негізгі міндет - мәслихаттың юрисдикциясына қатысты мәселелерді дайындау және қарау, оның шешімдерін іске асырылуына көмектесу, өз құзыреті шегінде бақылау функцияларын жүзеге асыру. Біздің құзыретіміздегі ең маңызды мәселелердің бірі – біздің өңірдің экономикалық дамуы. Өңір тынысына қатысты өзекті мәселелер міндетті түрде тұрақты комиссия отырысында қаралады.

Есепті кезеңде тұрақты комиссияның 7 мәжілісі өткізілді.

         Бұл отырыстарда сессияға ұсынылған 100 ден астам өзекті мәселе қаралды және олардың орындалысы да күнделікті қызметтер аясында жүзеге асырылуда.

Олардың ішінде атап өтетін болсақ:

«2017 жылға арналған облыстық бюджеттің орындалуы жөніндегі есепті бекіту туралы»;

Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі облыс әкімінің есебі туралы;

Маңғыстау облысында шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың барысы туралы;

 «2019 жылға арналған облыс бюджеті туралы» маңызды мәселелер қаралды.

2018 жылдың облыстық мәслихаттың экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес:

«Маңғыстау облысының автомобиль жолдары құрылысының сапасы және оны күтіп ұстау туралы» мәселесі қаралды. Мәселені талқылау барысында облысымызда 2017 жылы қаржыландырудың жалпы көлемі –             30,1 млрд.теңгені құрағанын атап өтті. Бөлек алғанда: республикалық маңызы бар жолдарға – 13,6 млрд.теңге, облыстық маңызы бар жолдарға – 13,1 млрд.теңге, сонымен қатар елді мекендердегі жолдарға – 4,2 млрд.теңге бөлінген. Жүргізілген жөндеу жұмыстарының және жаңғыртудың қорытындысы бойынша жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы облыстық және аудандық маңыздағы автокөлік жолдарының үлесі облыс бойынша 2017 жылдың басына 92 пайызға жеткені анықталды. Тұрақты комиссия, жергілікті атқарушы органдар тарапынан облыстағы жолдарды жаңарту мақсатында бір шама жұмыстар атқарылғанын атап өтті. Сонымен қатар, Маңғыстау облысы бойынша 2017 жылы барлық жүк көлігі арқылы тасымалданған жүктің көлемі 237,9 мың тоннаға жетіп, 2016 жылмен салыстырғанда 8,7 пайызға өсіп отыр.

Алайда депутаттар тарапынан жаңадан тапсырылған жолдардың сапалығына, оны пайдалану жайына алаңдаушылық білдірді және ауыр автокөліктердің үстінен бақылауды күшейту жөнінде ұсыныстар айтылды.

Жұмыс жоспарындағы тағы бір мәселе «Маңғыстау облысында шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың барысы туралы» болып табылады.

Бұл мәселе бойынша тиісті басқарма басшысының баяндамасы тыңдалды. Есептің барысында 2017 жылмен салыстырғанда 2018 жылы кәсіпкерлікті қолдауға арналған қаражат 3,6 есеге артқан. Екінші деңгейдегі банктермен 22,8 миллиард теңгеден астам сомасында несие берілді. Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында шағын қалалар мен ауылдық елді мекендерде кәсіпкерлікті оның ішінде ауыл шаруашылығы саласын дамыту мақсатында, 2018 жылға республикалық бюджеттен 1,2 миллиард теңге бөлініп, облыс әкімдігінің қаулысымен «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорына» – 821 миллион теңге және «Аграрлық несие корпорациясына» – 422 миллион теңге бөлініп берілді. Cондай-ақ, бағдарламаның екінші бағыты - «Бизнес Бастау» жобасы бойынша 2018 жылы  облыс бойынша 1056 адам оқытылған.

Дегенмен, депутаттар аймақтағы шағын және орта бизнестің үлесін арттыру керек екенін атап өтті. Ол үшін кәсіпкерлермен тығыз жұмыс істеу және белсенді ақпараттық жұмыс жүргізу қажет.

Тұрақты комиссия отырыстарында қаралатын мәселелер бойынша Жұмысшы топтары құрылып, іс-қимыл жоспары жасақталады. Мекемелер мен ұйымдардың басшыларынан тиісті ақпараттар алынып, жинақталған мәліметтер бойынша жұмысшы тобы талдау жасайды. Мәселені зерттеп, тұрақты комиссия отырысына шығару үшін депутаттармен қатар тиісті органдардың құзіретті мамандары да қатыстырылады, өздері белгілі аймаққа барып, жұмыспен танысады.

Экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырыстарында маңыздылығы бойынша ең жиі талқыланған әрине бюджет мәселелері. Бюджеттін нақтылау тұрақты комиссия отырыстарында алдын ала қаралады және тиісті ведомстволар басшыларының есептері тыңдалады. Сонымен бірге, бөлінген бюджет қаражатын толығымен игеру мақсатында іс-қимыл жасау және жоспарланған іс-шараларды уақытылы орындау қажеттілігіне назар аударылады.

Сонымен бірге, депутаттарға қажетті материалдар қарауға кеш ұсынылатынын тағы бір рет атап өткім келеді. Жобаны сапалы қарау және ұсыныстар әзірлеу үшін депутаттар қолданыстағы заңнамаға сәйкес материалдардың ұсынуын талап етеді.

Тұрақты комиссия облыстың әрі қарай дамуына оңтайлы ықпал ететін әлеуметтік маңызы бар мәселелерді қарауды өзінің ең басты міндеттері деп санайды.

Есепті кезеңдегі тұрақты комиссия қызметінің негізгі кезеңдерін қысқаша айтып өттім. Қорытындылай айтқанда, өз әріптестерімді, комиссия мүшелерінің жемісті және нәтижелі жұмыстарына ризашылығымды білдіргім келеді.

Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиясы алдағы уақытта да облысты өркендетуге байланысты әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуде өз үлестерімізді қосамыз деп есептеймін.

         Назарларыңызға рахмет.