Маңғыстауда жергілікті өзін-өзі басқару туралы заң жобасы талқыланды


19 шілдеде Маңғыстау облысында "Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі" РҚБ кеңесінің көшпелі отырысы өтті.

Жиынға облыс әкімі Н.Ноғаев, "Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі" РҚБ төрағасы Т.Мұқашев, облыстық мәслихаттың хатшысы Н.Тумышев, облыстар мен Республикалық маңызы бар қалалар мәслихаттарының хатшылары, облыстық мәслихаттың депутаттары мен қалалық және аудандық мәслихаттардың хатшылары қатысты.

Көшпелі отырыста «Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару туралы» заң жобасы талқыланып, референдумды қолдау жөніндегі қоғамдық штаб жұмысының қорытындысы тыңдалды.

"Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі" РҚБ кеңесінің көшпелі отырысына қатысушылар "Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару туралы" заң жобасы бойынша баяндама жасап, өз ұсыныстары мен пікірлерін ортаға салды.

 

Жарияланған күні: 0



9 ақпан 2021

МҰНАЙЛЫ АУДАНЫНДА ХАЛЫҚ САНЫ БІР ЖЫЛДА 4000 АДАМҒА КӨБЕЙГЕН

Бүгін Мұнайлы ауданының әкімі Рахат Елтизаров ауданда 2020 жылы атқарылған жұмыстар бойынша онлайн есептік кездесу өткізді. Барлық санитарлық талаптар ескерілген онлайн жиынға Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов, бірқатар жауапты бөлім басшылары және аудандық мәслихат депутаттары қатысты. Рахат Елтизаров 2020 жылы ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайы және даму перспективалары туралы баяндама оқып, 2021 жылы атқарылатын жұмыстар жайлы ақпарат берді. Сонымен қатар тікелей эфир арқылы...


8 ақпан 2021

С.ТРҰМОВ «ЖОСПАРЛАНҒАН ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫ МЕРЗІМІНДЕ АЯҚТАЛСЫН»

Бүгін облыс әкімі аппараттық жиында құрылыс саласына жауапты орынбасары мен сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысына тапсырма берді. Аймақ басшысы әсіресе тұрғын үй құрылыстарын кешеуілдетпей, мерзімінде пайдалануға беруді қатаң тапсырды. ОБЛЫСТА 6 МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫҚұрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Шабай Тәжіғараевтың мәліметінше биыл өңірде 6 мектептің құрылысы басталып, оған «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасы аясында 1290 адам жұмысқа...


6 ақпан 2021

С. ТРҰМОВ: ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ҮРДІСІН ЖЕДЕЛДЕТУ ҚАЖЕТ

Маңғыстау облысының әкімі С. Трұмовтың төрағалығымен Жаңаөзен қаласында жаңа жұмыс орындарын құру бойынша жиын өтті. Жиында Жаңаөзен қаласында жұмыссыздық мәселесін шешу үшін жұмыспен қамту шараларының жүргізілу барысы талқыланды. Қала тұрғындарын жұмыспен қамтудың бірнеше тетіктері қаралды. Жаңаөзен қаласын дамытудың кешенді жоспары» аясында жүзеге асатын жобалар негізінде жаңа жұмыс орындарын құру көзделіп отыр. Шағын және орта бизнесті дамыту арқылы тұрғындардың кәсіппен...


4 ақпан 2021

МАҢҒЫСТАУДА І ЖӘНЕ II ДЕҢГЕЙЛІ ИНФЕКЦИЯЛЫҚ СТАЦИОНАРДА 110 НАУҚАС ЖАТЫР

Маңғыстауда 3 ақпандағы жағдайға сәйкес I-II деңгейлі инфекциялық стационарларда 110 адам ем қабылдап жатыр.       Облыстың денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, сол 110 науқастың 37 адамында коронавирусқа тапсырған сынама оң нәтиже көрсеткен. Қазіргі уақытта орта дәрежелі жағдайда 97, жағдайы ауыр халде 8 науқас, өте ауыр хәлде 5 науқас бар.       Бұл бөлімге түскендердің нашарлауына жедел тыныс жетіспеушілігі және ілеспе аурулардың болуы себеп.          Бүгінде аймақтың оқшаулау...


4 ақпан 2021

2020 ЖЫЛЫ БЕЙНЕУДЕ 44 КӨШЕГЕ ЖОЛ САЛЫНДЫ

Бүгін Бейнеу ауданының әкімі Әбілов Бейнеубек 2020 жылы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде есеп берді. Қорытынды есеп беру жиынына облыс әкімінің орынбасары Қашақов Бақытжан қатысты. Жиын карантиндік талаптарға сәйкес онлайн форматында ұйымдастырылып, Бейнеу ауданы әкімдігінің және аудан әкімінің фейсбук парақшаларында тікелей эфирде көрсетілді. Жалпы 2020 жылы аудан халқы 71 400 адамға жетті. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 800 адамға өсті. Ауданда 12 122 отбасы бар,...


3 ақпан 2021

ТҮПҚАРАҒАН АУДАНЫНДА ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ БАҒДАРЛАМАСЫ НӘТИЖЕЛІ ІСКЕ АСЫРЫЛУДА

Бүгін Түпқараған ауданының әкімі А.Қосуақов Түпқараған ауданының 2020 жылға әлеуметтік-экономикалық дамуы мен 2021 жылға арналған жоспарларының негізгі бағыттары туралы онлайн кездесу өткізді. Түпқараған ауданы әкімінің айтуынша, аудандағы халық саны алдыңғы жылмен салыстырғанда 5,9 %-ға өскен, қазір аудан аумағында 34 000 астам адам тұрады. Аудан халқының өсуі - негізінен Ақшұқыр мен Сайын Шапағатов ауылдарына қоныстанушылар есебінен болып отыр. Аудан тұрғындарын жұмыспен қамту және...


2 ақпан 2021

Маңғыстау облысында Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеу жөніндегі жоспар таныстырылды

Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Нұртас Сали өңірде Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеу бойынша атқарылатын жұмыстармен таныстырды. «Биылғы жыл - еліміз үшін ерекше жыл. Біз қастерлі Тәуелсіздіктің 30 жылдығына қадам бастық. Қазақ елі үшін бұдан асқан қастерлі құндылық жоқ. Сондықтан мерейтойды өңірімізде жоғары деңгейде атап өту бойынша бірқатар жұмыстар жасалуда»,- деді, Н. Сали қоғамдық коммуникация орталығы алаңында өткен брифингте. Маңғыстау облысында...


2 ақпан 2021

АҚТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ Н. ҚИЛЫБАЙ: "ЕКІ ҚОЛҒА БІР КҮРЕК ТАПҚАНҒА ЖҰМЫС БАР"

Бүгін Ақтау қаласының әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың тұрғындар алдында есеп беру кездесуі онлайн өтті. Алдымен, шаһар басшысы қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына тоқталып, атқарылған жұмыстарды баяндады. 2020 жылы барлық макрокөрсеткіштер бойынша оң динамика байқалады. Оның ішінде құрылыс, өңдеу өнеркәсібінің көлемі жоғары. Халық саны – 203 536 адамға жетті. Ол облыс бойынша (717 518) халық санының 28,4%-ын құрайды. Былтыр тындырылған шаруа аз емес. Қала әкімі бірқатар атқарылған сан алуан...


1 ақпан 2021

А. Мамин жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына келді

Премьер-Министрі Асқар Мамин Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Өңір әкімі Серікбай Трұмов, энергетика министрі Нұрлан Ноғаев, ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров, экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов, индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев, қаржы бірінші вице-министрі Берік...


25 қаңтар 2021

ОБЛЫС ӘКІМІ С.ТРҰМОВ: ХАЛЫҚ АУЫЗСУДАН ТАРЫҚПАУ КЕРЕК

Облыста ауыз су тапшылығын жою мақсатында бірқатар ірі жобалар қолға алынуда. Бұл туралы энергетика және тұрғын үй –коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Айдос Хамиев аймақ басшысы Серікбай Трұмовтың төрағалығымен өткен кезекті аппараттық жиында мәлімдеді. Алғашқы жоба, Ақтау қаласындағы «Каспий» су тұщыту зауытының қуатын тәулігіне 40 мың текше метрге арттыру жобасын іске асыру. Қазіргі таңда, жобаны іске асыру бойынша жұмыс кестесі жасақталған. Алдағы жаз айларында су тапшылығына...


15 қаңтар 2021

ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ АЛҒАШҚЫ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

Облыс әкімі Серікбай Трұмовтың қатысуымен VII сайланған облыстық мәслихаттың бірінші сессиясының отырысы өтті. Жиында Маңғыстау облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Асқар Рзаханов 10 қаңтар күні өткен Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаттарының кезекті сайлауы бойынша ақпарат беріп, жаңадан сайланған депуттардың жұмысына сәттілік тіледі. Маңғыстау облыстық сайлау комиссиясының жұмысы Қазақстан Республикасының Конституциясына және "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан...


Өзге мәслихаттар

zero!