7 сайланған облыстық мәслихат депутаттарының назарына!


7 сайланған Маңғыстау облыстық мәслихатының кезекті он екінші сессиясы 2022 жылы 31 мамырында сағат 16:00-де облыстық әкімдіктің үлкен мәжіліс залында өтеді.

Сессияға шақырылғандарды тіркеу сағат 15:30-дан бастап жүргізіледі.

 Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының мәжілісі облыстық мәслихаттың конференц-залында (4-қабат) 2022 жылы 30 мамырында күні:

экономика және бюджет мәселелері жөнінде – сағат 10:00-де;

әлеуметтік мәселелер және заңдылық пен құқықтық тәртіп мәселелері жөнінде – сағат 14:30-да болады.  

Жарияланған күні: 0



16 ақпан 2021

Маңғыстауда «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының «Жол картасы» жобасы талқыланды.

Бүгін «Nur Otan» партиясының Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы Серікбай Трұмовтың қатысуымен партияның сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша жиын өтті. Айта кетсек, 2021 жылдың 14 қаңтарда Партия Төрағасы, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы «Nur Otan» партиясы парламенттік Фракциясының отырысында сайлауалды бағдарламаны жүзеге асырудың жол картасын әзірлеуді тапсырған болатын. Осы орайда облыстық, қалалық және 5 аудандық жол картасы жобасына 150 іс-шара енгізіліп, 20 нысаналы индикатор...


15 ақпан 2021

МАҢҒЫСТАУДЫҢ ТУРИСТІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ДАМЫТУҒА 400 МЛРД-ТАН АСТАМ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ КӨЗДЕЛІП ОТЫР

Маңғыстау облысы – Қазақстанның туризмді дамытуға қолайлы үздік 10 аймағының қатарында. Биыл аймақтың туристік инфрақұрылымын дамытуға 400 млрд-тан астам инвестиция тарту көзделіп отыр. «Осылайша, курорттық аймақты дамытудың 2-кезеңі басталады»,-деді өңір тұрғындарына онлайн форматта есеп берген облыс әкімі Серікбай Трұмов. 2021-2024 жылдар аралығында туризм саласында 2590 жұмыс орны құрылатын 12 жоба іске асыруға жоспарланған.​ Оның ішінде биыл 500 астам жұмыс орны ашылатын 6 жоба өз жұмысын...


15 ақпан 2021

МАҢҒЫСТАУДА ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫ БОЙЫНША 13 ЖОБА ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТЫР

Бүгін облыс әкімі С.Трұмовтың төрағалығымен аппараттық жиын өтті. Күн тәртібінде аймақтың қаңтар айына әлеуметтік-экономикалық дамуы, автомобиль жолдарын салу барысы бойынша бірқатар мәселелер көтерілді. Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Марина Альбекованың мәліметінше қаңтар айының қорытындысы бойынша облыста макрокөрсеткіштер оң динамикасын көрсеткен. Мәселен, өңдеу өнеркәсібі – 104,1% , электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауа баптағышпен жабдықтау...


15 ақпан 2021

БИЫЛ МАҢҒЫСТАУДА БҰРЫН-СОҢДЫ БОЛМАҒАН ЗАМАНАУИ МЕКТЕПТЕР САЛЫНАДЫ

Биыл Маңғыстау облысында 11 мектептің құрылысы жүргізіледі. Ақтау қаласындағы 34 шағын аудан мен «Шығыс-1» шағын аудандарында 1200 орындықты құрайтын 2 мектеп алдағы жаңа оқу жылында пайдалануға беріледі. Сонымен қатар, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында 5 800 орындық 6 мектептің құрылысы басталады деп күтілуде. Атап айтқанда: - Ақтау қаласының 18, 19А, 31А жаңа шағын аудандарынан әрқайсысы 1200 орындық 3 мектептің құрылысы;- Ақтау қаласының 32 а шағын ауданындағы мектеп...


10 ақпан 2021

ТАҒАЙЫНДАУ

Қазақстан Республикасы Президент әкімшілігінің келісімімен, Маңғыстау облысы әкімінің өкімімен Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары болып, Абзал Меңдібаев тағайындалды. Абзал Меңдібайұлы 1977 жылы Маңғыстау облысында дүниеге келген. Білімі жоғары. «Қайнар» Университетін және Қазақ ұлттық техникалық университетін халықаралық экономист, тау-кен инженері мамандықтары бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 1997 жылы мұнай және газ жөніндегі оператор болып бастаған. Мұнай газ саласында түрлі...


10 ақпан 2021

ОБЛЫС ӘКІМІ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС АЛДЫНДА ЕСЕП БЕРДІ

Бүгін аймақ басшысы Серікбай Трұмов облыстық Қоғамдық кеңес мүшелеріне есеп берді. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттарына тоқталып, 2020 жылы атқарылған жұмыстар мен 2021 жылға арналған міндеттері туралы баяндама жасады. 2020 жылдың қорытындысы бойынша өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуында негізгі макрокөрсеткіштердің оң динамикасына қол жеткізілді. Жалпы өндірілген өнімнің ішінде мал шаруашылығында өсім бар, тұрғын үйді іске қосу қарқыны – 101,5% пайызға...


9 ақпан 2021

МҰНАЙЛЫ АУДАНЫНДА ХАЛЫҚ САНЫ БІР ЖЫЛДА 4000 АДАМҒА КӨБЕЙГЕН

Бүгін Мұнайлы ауданының әкімі Рахат Елтизаров ауданда 2020 жылы атқарылған жұмыстар бойынша онлайн есептік кездесу өткізді. Барлық санитарлық талаптар ескерілген онлайн жиынға Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов, бірқатар жауапты бөлім басшылары және аудандық мәслихат депутаттары қатысты. Рахат Елтизаров 2020 жылы ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайы және даму перспективалары туралы баяндама оқып, 2021 жылы атқарылатын жұмыстар жайлы ақпарат берді. Сонымен қатар тікелей эфир арқылы...


8 ақпан 2021

С.ТРҰМОВ «ЖОСПАРЛАНҒАН ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫ МЕРЗІМІНДЕ АЯҚТАЛСЫН»

Бүгін облыс әкімі аппараттық жиында құрылыс саласына жауапты орынбасары мен сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысына тапсырма берді. Аймақ басшысы әсіресе тұрғын үй құрылыстарын кешеуілдетпей, мерзімінде пайдалануға беруді қатаң тапсырды. ОБЛЫСТА 6 МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫҚұрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Шабай Тәжіғараевтың мәліметінше биыл өңірде 6 мектептің құрылысы басталып, оған «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасы аясында 1290 адам жұмысқа...


6 ақпан 2021

С. ТРҰМОВ: ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ҮРДІСІН ЖЕДЕЛДЕТУ ҚАЖЕТ

Маңғыстау облысының әкімі С. Трұмовтың төрағалығымен Жаңаөзен қаласында жаңа жұмыс орындарын құру бойынша жиын өтті. Жиында Жаңаөзен қаласында жұмыссыздық мәселесін шешу үшін жұмыспен қамту шараларының жүргізілу барысы талқыланды. Қала тұрғындарын жұмыспен қамтудың бірнеше тетіктері қаралды. Жаңаөзен қаласын дамытудың кешенді жоспары» аясында жүзеге асатын жобалар негізінде жаңа жұмыс орындарын құру көзделіп отыр. Шағын және орта бизнесті дамыту арқылы тұрғындардың кәсіппен...


4 ақпан 2021

МАҢҒЫСТАУДА І ЖӘНЕ II ДЕҢГЕЙЛІ ИНФЕКЦИЯЛЫҚ СТАЦИОНАРДА 110 НАУҚАС ЖАТЫР

Маңғыстауда 3 ақпандағы жағдайға сәйкес I-II деңгейлі инфекциялық стационарларда 110 адам ем қабылдап жатыр.       Облыстың денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, сол 110 науқастың 37 адамында коронавирусқа тапсырған сынама оң нәтиже көрсеткен. Қазіргі уақытта орта дәрежелі жағдайда 97, жағдайы ауыр халде 8 науқас, өте ауыр хәлде 5 науқас бар.       Бұл бөлімге түскендердің нашарлауына жедел тыныс жетіспеушілігі және ілеспе аурулардың болуы себеп.          Бүгінде аймақтың оқшаулау...


4 ақпан 2021

2020 ЖЫЛЫ БЕЙНЕУДЕ 44 КӨШЕГЕ ЖОЛ САЛЫНДЫ

Бүгін Бейнеу ауданының әкімі Әбілов Бейнеубек 2020 жылы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде есеп берді. Қорытынды есеп беру жиынына облыс әкімінің орынбасары Қашақов Бақытжан қатысты. Жиын карантиндік талаптарға сәйкес онлайн форматында ұйымдастырылып, Бейнеу ауданы әкімдігінің және аудан әкімінің фейсбук парақшаларында тікелей эфирде көрсетілді. Жалпы 2020 жылы аудан халқы 71 400 адамға жетті. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 800 адамға өсті. Ауданда 12 122 отбасы бар,...


3 ақпан 2021

ТҮПҚАРАҒАН АУДАНЫНДА ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ БАҒДАРЛАМАСЫ НӘТИЖЕЛІ ІСКЕ АСЫРЫЛУДА

Бүгін Түпқараған ауданының әкімі А.Қосуақов Түпқараған ауданының 2020 жылға әлеуметтік-экономикалық дамуы мен 2021 жылға арналған жоспарларының негізгі бағыттары туралы онлайн кездесу өткізді. Түпқараған ауданы әкімінің айтуынша, аудандағы халық саны алдыңғы жылмен салыстырғанда 5,9 %-ға өскен, қазір аудан аумағында 34 000 астам адам тұрады. Аудан халқының өсуі - негізінен Ақшұқыр мен Сайын Шапағатов ауылдарына қоныстанушылар есебінен болып отыр. Аудан тұрғындарын жұмыспен қамту және...


2 ақпан 2021

Маңғыстау облысында Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеу жөніндегі жоспар таныстырылды

Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Нұртас Сали өңірде Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеу бойынша атқарылатын жұмыстармен таныстырды. «Биылғы жыл - еліміз үшін ерекше жыл. Біз қастерлі Тәуелсіздіктің 30 жылдығына қадам бастық. Қазақ елі үшін бұдан асқан қастерлі құндылық жоқ. Сондықтан мерейтойды өңірімізде жоғары деңгейде атап өту бойынша бірқатар жұмыстар жасалуда»,- деді, Н. Сали қоғамдық коммуникация орталығы алаңында өткен брифингте. Маңғыстау облысында...


2 ақпан 2021

АҚТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ Н. ҚИЛЫБАЙ: "ЕКІ ҚОЛҒА БІР КҮРЕК ТАПҚАНҒА ЖҰМЫС БАР"

Бүгін Ақтау қаласының әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың тұрғындар алдында есеп беру кездесуі онлайн өтті. Алдымен, шаһар басшысы қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына тоқталып, атқарылған жұмыстарды баяндады. 2020 жылы барлық макрокөрсеткіштер бойынша оң динамика байқалады. Оның ішінде құрылыс, өңдеу өнеркәсібінің көлемі жоғары. Халық саны – 203 536 адамға жетті. Ол облыс бойынша (717 518) халық санының 28,4%-ын құрайды. Былтыр тындырылған шаруа аз емес. Қала әкімі бірқатар атқарылған сан алуан...


1 ақпан 2021

А. Мамин жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына келді

Премьер-Министрі Асқар Мамин Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Өңір әкімі Серікбай Трұмов, энергетика министрі Нұрлан Ноғаев, ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров, экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов, индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев, қаржы бірінші вице-министрі Берік...


25 қаңтар 2021

ОБЛЫС ӘКІМІ С.ТРҰМОВ: ХАЛЫҚ АУЫЗСУДАН ТАРЫҚПАУ КЕРЕК

Облыста ауыз су тапшылығын жою мақсатында бірқатар ірі жобалар қолға алынуда. Бұл туралы энергетика және тұрғын үй –коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Айдос Хамиев аймақ басшысы Серікбай Трұмовтың төрағалығымен өткен кезекті аппараттық жиында мәлімдеді. Алғашқы жоба, Ақтау қаласындағы «Каспий» су тұщыту зауытының қуатын тәулігіне 40 мың текше метрге арттыру жобасын іске асыру. Қазіргі таңда, жобаны іске асыру бойынша жұмыс кестесі жасақталған. Алдағы жаз айларында су тапшылығына...


15 қаңтар 2021

ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ АЛҒАШҚЫ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

Облыс әкімі Серікбай Трұмовтың қатысуымен VII сайланған облыстық мәслихаттың бірінші сессиясының отырысы өтті. Жиында Маңғыстау облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Асқар Рзаханов 10 қаңтар күні өткен Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаттарының кезекті сайлауы бойынша ақпарат беріп, жаңадан сайланған депуттардың жұмысына сәттілік тіледі. Маңғыстау облыстық сайлау комиссиясының жұмысы Қазақстан Республикасының Конституциясына және "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан...


Өзге мәслихаттар

zero!