Облыс әкімі Н.Ноғаев жұмыс сапарымен Қарақия ауданына келді


24 наурызда облыс әкімі Нұрлан Ноғаев Қарақия ауданына барған екі күндік жұмыс сапары аясында бірқатар ауылдардың әлеуметтік-экономикалық дамуымен танысып, халықпен кездесу өткізді, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Жұмыс сапарының бірінші күні Нұрлан Ноғаев Мұнайшы және Жетібай ауылдарындағы әлеуметтік нысандарды аралады. Мұнайшы ауылында 6000-нан астам адам тұрады. Ауылда бір дәрігерлік амбулатория, мәдениет үйі, 2 орта мектеп және 3 балабақша бар.

Өңір басшысы Мұнайшы ауылындағы "Реалос" ЖШС кәріз тазарту қондырғысының жұмысымен танысты. 2015 жылы пайдалануға берілген имаратқа ауылдың орталықтандырылған кәріз жүйесі мен өндірістік мекемелері қосылған. Сонымен қатар, кәріз қалдықтарын арнайы көлік тасымалдайды. Бүгінгі таңда құрылғы тәулігіне 200 м3 суды тазартып тұр. Залалсыздандырылған су мекеменің жанында отырғызылған 1000 түп жеміс ағаштарын суаруға жұмсалады. Өңір басшысы осындай жобаларды іске асыру арқылы көгалдандыру мәселесін шешуге болатынын атап өтіп, осындай жобаларды жүзеге асырғысы келетін кәсіпкерлерге қолдау көрсетуді тапсырды.

Сондай-ақ, облыс әкімі Жетібай ауылында орналасқан су тазарту өндірістік бекетіне барды. Нысан 1997 жылы "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ қаражатына салынған. Кәсіпорын Маңғыстау облысы әкімдігінің 17.06.2015 жылғы №174 қаулысы негізінде  "Тұрмыс-Сервис" МКК  теңгеріміне берілді.

Нысан Жетібай, Мұнайшы ауылдарының тұрғындарын және өндірістік мекемелерді ауыз сумен және техникалық сумен қамтамасыз етеді. Суды тазарту жүйесі ескі технология бойынша жүзеге асырылады. Кәсіпорын бір тәулік ішінде "Астрахань-Маңғышлақ" магистралды су құбырынан 3500 м3 су қабылдап, 2800 м3 су тазартылады. Ал қалған 600-700 м3 техникалық су мекемелерге беріледі. Тексеру қорытындысы бойынша Нұрлан Ноғаев өңірде ауыз су мәселесі өте өзекті екенін атап өтіп, жауапты тұлғаларға халықты сумен қамтамасыз етуге қатысты бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Бүгінде ауданда «Құрық-Жетібай» республикалық маңызы бар автокөлік жолының күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жалпы ұзындығы 64 шақырым болатын күре жолдың бойына 4 дана демалыс аймағы, 8 автобус аялдамасы, 180 көше жарығы, 17 дана жасанды конструкция орнатылады. Жол құрылысы 2021 жылы басталған. Бүгінде екі жолақты жолдың 30 шақырым айналма жолы мен 22 шақырым жолдың негізі салынды. Құрылыс алаңында 40 арнайы техника мен 80-нен астам адам қызмет етеді. Жоспарға сәйкес жол құрылысы 2023 жылы аяқталады деп күтілуде.  Өңір басшысы жауапты тұлғаларға жол құрылысының сапасына ерекше назар аударуды тапсырды.

Сонымен қатар, Нұрлан Ноғаев Мұнайшы ауылындағы "Айбас" бокс залының жұмысымен танысты. Жалпы ауданы 500 шаршы метр болатын әлеуметтік нысанның 1 бокс залы және 1 жаттығу залы бар. Жеке кәсіпкер қаражаты есебінен салынған спорт нысанында бүгінде 80 бала жаттығуда.

- Өткен жылы ауданда Құланды ауылының тұрғынының жеке қаражаты есебінен шағын спорт кешені салынып, пайдалануға берілді. Нәтижесінде 7 жұмыс орны құрылды, онда 100-ге жуық жасөспірім бірнеше секцияда: бокс, қазақша күрес және армрестлингпен айналысуға мүмкіндік алды. Биыл жеке кәсіпкерлер есебінен Ералы станциясында шағын спорт залын салу жоспарланып отыр, - деді Қарақия ауданының әкімі Қыдырберді Беков.

Қарақия ауданында барлығы 34 спорт залы, 39 спорт алаңы, 7 воркаут-жастар алаңы, 1 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі және 500 орындық стадион бар. Аталған спорт нысандарында ауданның 16 мыңнан астам тұрғыны, яғни халықтың 43,5% дене шынықтыру және спортпен тұрақты түрде айналысады.

Жұмыс сапары барысында Нұрлан Ноғаев Мұнайшы ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді. Жиында ауыл әкімі Болат Бекмурзаев өткен жылы атқарылған жұмыстар мен 2022 жылға арналған жоспарлар туралы баяндама жасады. Нұрлан Ноғаев өз кезегінде ауыл тұрғындарының сұрақтарына жауап беріп, ұсыныстарын тыңдады. Сұрақтардың басым бөлігі жұмыспен қамту, ауыз су, электрмен жабдықтау, көгалдандыру, жол құрылысы және авариялық жағдайдағы тұрғын үйлерге қатысты болды.

Өңір басшысы көтерілген мәселелер басымдылығына қарай дәйекті түрде шешілетінін атап өтті.

- Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында халықтың өмір сүру сапасын арттыру бойынша нақты тапсырмалар берді. Біздің міндетіміз-барлық мәселелерді бірлесіп және жүйелі түрде шешу. Бұл жұмыста біз екі басты қағидатты - ашықтық пен әділдікті пайдаланатын боламыз. Айта кетейік, бірінші кезекте жұмыссыз жастар жастар тәжірибесі арқылы жұмысқа қабылданады. Ол үшін "Менің бірінші мамандығым" және "Жұмыс жасаймын"бағдарламалары жұмыс істейді. Ауыл және аудан әкімдері халықты Мемлекеттік бағдарламалар туралы дер кезінде хабардар етуі қажет, - деді Нұрлан Ноғаев.

Бұдан кейін аймақ басшысы Жетібай ауылының тұрғындарымен кездесті. Өткен жылы атқарылған жұмыстар туралы ауыл әкімі Қуаныш Асанов баяндама жасады. Облыс әкімімен кездесуде тұрғындар жұмыспен қамту, әлеуметтік көмек, денсаулық сақтау және азық-түлік бағасына қатысты мәселелерін көтерді. Өңір басшысы тұрғындарды мазалаған сұрақтарға жауап беріп, мәселелерді шешу бойынша бірлесіп жұмыс істеуге шақырды.

Сондай-ақ Нұрлан Ноғаев Мұнайшы және Жетібай ауылдарында жеке мәселесімен келген азаматтарды қабылдады.

Бүгінде Жетібай ауылында 12500 адам тұрады. Оның 3400-і мектеп жасындағы балалар. Ауылда әрқайсысы 624 орындық 3 орта мектеп және 3 балабақша жұмыс істейді. Кентте 150 адамға арналған емхана және 75 төсектік аурухана бар. Сонымен қатар, елді мекенде 5000 тұрғынға екі жеке меншік медициналық орталық қызмет көрсетеді: "Ақ ниет" және "Али - Мед". Өткен жылы "Бастау-Бизнес" бағдарламасы бойынша 30 адам оқып, сертификат алды. Өз ісін ашу үшін 12 ауыл тұрғынына 583 400 теңге көлемінде қайтарымсыз грант берілді.

Аймақ басшысы Қарақия ауданына жұмыс сапарының екінші күні бірқатар ауылдар мен ауыл шаруашылығы нысандарын аралап, халықпен кездесулер өткізді, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі. 

Ең алдымен, аймақ басшысы "Құрық-Ақтау" тас жолының 20-шы шақырымында жұмысы тұралап қалған жылыжай аумағын аралады. "Эко продакшн" серіктестігі биыл жалпы ауданы 460 гектар болатын жердің 3 гектарына қияр, қызанақ және құлпынай егуді жоспарлап отыр. Кәсіпкер өз ісін дөңгелету үшін инфрақұрылым жүргізуге көмек сұрады. Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев өңірде жылыжай салумен айналысқысы келетін кәсіпкерлерді жан-жақты қолдау қажеттігін атап өтті.

Сондай-ақ, аймақ басшысы Құрық ауылында орналасқан Қызылқұм елді мекеніндегі "Рысбек" шаруа қожалығының жұмысымен танысты. Кәсіпкер жалпы аумағы аумағы 32 га жердің 6 га жүзім, алма жеміс ағаштарын отырғызса, 3 га жерге жылыжай салған. Сондай-ақ, тамшылатып суару технологиясы бойынша жоңышқа, арпа егіп, мал азығын дайындауды жолға қойған. Кәсіпкер өз өнімін Жетібай, Мұнайшы, Құрық ауылдарында және Ақтау қаласында сатады.

Жалпы аудан бойынша 1645 жеке қосалқы шаруашылық және 655 шаруа қожалығы тіркелген, оның 41-і егіншілікпен айналысады. Сонымен қатар, жалпы ауданы 2,9 га болатын 22 фермерлік жылыжай бар. Өткен жылы 122,5 га көкөніс тұқымдары себіліп, нәтижесінде 3117,5 тонна өнім алынды. Ал, биыл 130 гектарға көкөніс егіп, 4000 тоннаға жуық өнім алу жоспарланып отыр.

Нұрлан Ноғаев Орталық мәдениет үйінде Қарақия ауданының тұрғындарымен кездесу өткізді. Есеп беру кездесуінде аудан әкімі Қыдырберді Беков 2021 жылы атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасап, 2022 жылға арналған міндеттер туралы айтты. Нұрлан Ноғаев өз кезегінде тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, олардың ұсыныстарын тыңдады. Кездесуде аудан тұрғындары ауыз сумен қамтамасыз ету, халықты жұмыспен қамту, қаңғыбас иттерді ату, спорт залын, кәріздік тазарту құрылысын салу мәселелерін көтерді. Нұрлан Ноғаев, өз кезегінде көтерілген мәселелер басымдықтарына қарай жүйелі түрде шешілетінін атап өтті.

Бұдан кейін облыс әкімі Құрық ауылында азаматтарды жеке қабылдады.

Сондай-ақ, аймақ басшысы Қарақия кәсіптік колледжінің жұмысымен танысты. Онда жеті мамандық бойынша білім алады: автомобиль шаруашылығы, ауыл шаруашылығы, ветеринария және экология, байланыс, телекоммуникация және ақпараттық технологиялар, сәулет және құрылыс, тігін өндірісі және киім үлгілеу. Оқу орнында 200 орындық жатақхана жұмыс істейді. Бүгінгі таңда барлығы 394 студент білім алуда. 2021 жылы колледжді 118 түлек бітіріп, оның 84-і мамандығы бойынша жұмысқа орналасты.

Колледж жұмысымен танысқан аймақ басшысы аудан жастарымен кездесу өткізді. Кездесу барысында жастар облыс әкіміне өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, өз ұсыныстарын айтты. Жастар көтерген мәселелер негізінен әлеуметтік мәселелерге қатысты болды. Өңір басшысы бүгінгі болашақ білімді, сауатты, бәсекеге қабілетті жастардың қолында екенін атап өтіп, жастарды азаматтық қоғамды дамытуға қатысуға шақырды. 

- Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жауапты тұлғаларға азаматтық қоғамды дамыту, оның әлеуетін нығайту үшін бар күш-жігерін салуды тапсырды. Азаматтық қоғам неғұрлым күшті болса, ел соғұрлым күшті болады. Ол үшін қазір барлық жағдай жасалған, жоспарымызды жүзеге асыру ғана қалады, - деді Нұрлан Ноғаев.

Облыс әкімі Құрық ауылында орналасқан "Аксон Мед" оңалту және қайта бейімдеу орталығында болды. Онда 40 адам жұмыс істейді.

Орталық түрлі операциядан кейінгі және жүрек-қан тамыр, бел-омыртқа аурулары мен спорттық жарақаттарды оңалту, қалпына келтіру қызметін көрсетеді.

Мекемеде қимыл жаттығуларына, сумен, токпен, тұзбен емдеуге, парафинмен емдеуге және физиотерапияға арналған арнайы кабинеттер жұмыс істейді. Орталықтың күніне 200-ге дейін емделушіні қабылдау мүмкіндігі бар.

Жарияланған күні: 30 наурыз 2022



30 наурыз 2022

Облыс әкімі Н.Ноғаев жұмыс сапарымен Қарақия ауданына келді

24 наурызда облыс әкімі Нұрлан Ноғаев Қарақия ауданына барған екі күндік жұмыс сапары аясында бірқатар ауылдардың әлеуметтік-экономикалық дамуымен танысып, халықпен кездесу өткізді, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі. Жұмыс сапарының бірінші күні Нұрлан Ноғаев Мұнайшы және Жетібай ауылдарындағы әлеуметтік нысандарды аралады. Мұнайшы ауылында 6000-нан астам адам тұрады. Ауылда бір дәрігерлік амбулатория, мәдениет үйі, 2 орта мектеп және 3 балабақша бар. Өңір басшысы...


18 наурыз 2022

10 ақпан күні аудандық мәслихаттың кезектен тыс он үшінші сессиясы зум арқылы өтті.

10 ақпан күні аудандық мәслихаттың кезектен тыс он үшінші сессиясы зум арқылы өтті.  Сессия жұмысына аудандық мәслихаттың депутаттары және аудан әкімі қатысты. Сессияның күн тәртібінде:  1. "Қарақия ауданы бойынша Қоғамдық кеңес құру туралы". 2. Қарақия аудандық мәслихатының 2015 жылғы 29 маусымдағы 27/277 "Қарақия ауданына қарасты ауылдарда тұрғын үй құрылысына арналған жер учаскелерінің құжаттарын реттеу комиссиясының құрамы туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселелер қаралды.   ...


18 наурыз 2022

14 ақпан күні жаңадан сайланған Қарақия аудандық қоғамдық кеңесінің алғашқы отырысы өтті.

14 ақпан күні жаңадан сайланған Қарақия аудандық қоғамдық кеңесінің алғашқы отырысы өтті. Кеңес отырысына аудандық мәслихат хатшысы Ж.Қалаубай, ҚР мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының басшысы Жасұлан Маршакұлы, Қарақия аудандық қоғамдық кеңесінің мүшелері қатысты. Отырысты Қарақия аудандық мәслихатының хатшысы Ж.Қалаубай ашып, Қарақия аудандық Қоғамдық кеңесінің уақытша жұмысшы тобының басшы М.Жұмасат...


18 наурыз 2022

22 ақпан күні Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары

22 ақпан күні Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Жаңбыршин Еділ Терекбайұлы мен Мұсабаев Самат Базарбайұлы Жетібай, Мұнайшы ауылдарының тұрғындарымен кездесті. Жетібай ауылдық мәдениет үйіне жиналған ауыл тұрғындары ауылдағы өзекті мәселелерді ортаға салды. Тұрғындардың басым көпшілігі жұмыссыздық мәселесін көтеріп, шешу жолдарын қарастыру керектігін айтты. Жұмыссыздық күн санап артып жатқанын тілге тиек етті. Жұмыс орындарын ашып, тұрғындардың жұмысқа орналасуына жағдай...


18 наурыз 2022

Амал мерекесі құтты болсын!

Амал мерекесі құтты болсын! Бүгін аудандық мәслихаттың хатшысы Ж.Қалаубай аудандық ардагерлер үйіне барып көрісіп, ақсақалдарды амал мерекесімен құттықтады. Ардагерлер жылы лебіздерін білдіріп, тілектерін айтып, Баспаулиев Құрманияз ақсақал өз батасын берді.  Сонымен қатар мәслихат хатшысы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Е.Бегниязовпен, аудандық полиция бөлімінің бірінші орынбасары А.Дүйсенғалиевпен және жергілікті полиция қызметінің басшысы Д.Серіковпен бірге Құрық...


Өзге мәслихаттар

Қазақстан Республикасы 

Президентінің  ресми сайты 

akorda.kz

Қазақстан Республикасы 

Парламентінің Сенаты 

senate.parlam.kz

Қазақстан Республикасы 

Парламентінің Мәжілісі 

www.parlam.kz/ru/mazhilis

Маңғыстау облысының 

Әкімдігі 

www.gov.kz/memleket/entities/mangystau

 Қазақстан Республикасының 

Үкіметі

primeminister.kz

Қазақстан Республикасы 

Орталық сайлау комиссиясы  

www.election.gov.kz

Қазақстан Республикасы 

Жоғарғы Соты 

sud.gov.kz

Қазақстан Республикасының 

Бас прокуратурасы 

www.gov.kz/memleket/entities/prokuror

Қазақстан Республикасы 

Ұлттық қауіпсіздік комитеті 

www.gov.kz/memleket/entities/knb