Шевченко қаласында Каспий тау-кен металлургиялық комбинатында кен басқармасының жөндеу-механикалық шеберханасының токарь оқушысы ретінде бастады. Әрі қарай 3 разрядты токарь болып ауыстырылды;
Екінші мамандығы – тоңазытқыш қондырғыларының машинисі;
Қарулы Күштерде қызмет атқарды;
«Қазақстан-Сервис» фирмасының Ақтау филиалында сыртқы экономикалық байланыстар бөлімінің жетекші маманы, жетекші менеджері, экономика жөніндегі директордың орынбасары қызметтерін атқарды;
Маркетинг және коммерция тобының жетекшісі, маркетинг және коммерция жөніндегі менеджер, коммерция және жүк жұмысы бөлімінің бастығы болып жұмыс істеді;
«Ақ Бидай» ЖАҚ Ақтау филиалында коммерциялық мәселелер жөніндегі менеджер, Ақтау филиалының директоры болып жұмыс істеді;
«Қазақтеңізкөлікфлоты» Ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясы ЖАҚ-да "Қазақтеңізкөлікфлоты "ҰТКҚК" ЖАҚ-ның Ақтау қаласындағы өкілдігінің бас менеджері, коммерциялық департаментінің директоры, «Қазақтеңізкөлікфлоты» бас директорының кеңесшісі қызметтерін атқарды;
«Қазтеңізкөлікфлоты» АҚ-да бас директордың коммерциялық мәселелер және корпоративтік даму жөніндегі орынбасары, әрі қарай коммерциялық мәселелер жөніндегі Басқарушы директор болып жұмыс істеді;
«OMS Shipping» ЖШС бас директоры;
«OMS Agency» ЖШС бас директоры.
Marine Service's ЖШС директорының кеңесшісі
|