13.03.2019

Мәслихат қызметін жетілдіру үстіндеміз


Облыстық мәслихат өз қызметін ұйымдастыруға Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» және өзге де заң актілерінде белгіленген өкілетіктерді, құқықтар мен міндеттерін жүзеге асырып отырады. Мәслихат көпшілік арасында өткізілетін жұмыс әдістерін жетілдіріп, депутаттық қызметтердің ауқымы кеңейіп, ұтымды ұсыныстармен нәтижелі істерге қол жеткізілуде. Соның нәтижесінде мәслихат жұмысында айтарлықтай оң қызметтер атқарылып келеді.  

Мәслихат қызметінің негізгі нысаны оның сессиялары мен тұрақты комиссиялары болып табыладындықтын, олардың отырыстарының жан-жақты дайындалуына басты көңіл бөлінеді. Депутаттар және мәслихат аппараты қызметкерлерімен жұмысшы топтар құрылып, қалалар мен аудандарға, тиісті мекемелер мен кәсіпорындарға шығып іс жағдайына талдау жасайды, анықтамалар дайындайды. Талқыланатын мәселелер бойынша тиісті аудандардан, басқармалар мен департаменттерден хабарлама - анықтамалар жинақталады.    

Сессиялар мен тұрақты комиссиялардың талқылауына жоспарлы түрде дайындалатын мәселелер облыс өмірінің әлеуметтік – экономикалық, құқықтық т.б. маңызды проблемаларына байланыстырылып отырылады. Жергілікті өкілді билік органы ретінде мәслихаттың заңдылықпен айқындалған құзыреттерінің ең бастысы – облыстық даму жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын, жергілікті бюджетті, бюджеттік бағдарламаларды және олардың атқаруы туралы есептерді бекіту болғандықтан, ол мәселелер жүйелі түрде қаралып тұрады және олардың орындалуы тұрақты бақылауға алады.

Өткен жылы облыстық мәслихаттың 7 сессиясы өткізіліп, онда 100 жуық мәселе қаралды.  Олардың 4-уі кезекті, ал 3-уі кезектен тыс сессиялар.  Сессияларда, облыстық бюджетті қалыптастыру және оны атқарылуы туралы, Ел басының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын іске асыру аясында облыста атқарылып жатырған жұмыстардың жайы туралы, Жастарды еліміздің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өміріне тарту бойынша облыста атқарылып жатырған жұмыстар туралы, Облыстың ішкі істер органдары жергілікті полиция қызметі басшысының есебі және бірқатар басқа да маңызды мәселелер қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.

Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңына сәйкес, сессияның құқықтық нормасы қарастырылған 15 шешімі әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өтті және жергілікті газеттерде мемлекеттік және орыс тілдерінде жарияланып, өңір тұрғындарының назарына берілді. Сонымен қатар, интранет портал арқылы Әділет департаментіне 3 шешім тіркеуге жолданып, мемлекеттік тіркеуден өтті.

         Жалпы, мәслихат міндеттерінің басым бағыттарын жүзеге асыруда тұрақты комиссиялардың орны айрықша.

         Облыстық мәслихатта экономика және бюджет мәселелері туралы, әлеуметтік және заңдылық пен құқықтық тәртіп мәселелері бойынша екі тұрақты комиссия өз қызметтерін атқаруда. Өткен жылы тұрақты комиссиялардың 10-ға жуық отырыстары болды. Бұл отырыстарда 60-тан астам өзекті мәселе қаралды және олардың орындалысы да күнделікті қызметтер аясында жүзеге асырылуда.

Тұрақты комиссиялардың құзіретіне Қазақстан Республикасының білім беру, жұмыссыздық, экономикалық реформа, қаржы, кредиттік, салық саясаты, өнеркәсіп, кәсіпкерлік және энергетика мәселелері бойынша заңдарды іске асыру бағдарламалары мен, жоспарлары және облыстық мәслихаттың сессияларында қаралатын мәселелердің кең спектрі енген.

Атқарылған жұмыстар туралы тұрақты комиссиялардың төрағалары жыл сайын міндетті түрде мәслихаттың сессияларында есеп беріп келеді.

Кейбір өзекті мәселелерді сессияларда қарауға әзірлеу мақсатында  депутаттардан және мамандардан уақытша «Жұмысшы тобы» құрылып нақты жағдайларға талдау жасалынады. Жұмысшы тобының жетекшісі нақты жағдайды тұрақты комиссия отырысында және сессияда баяндайды.

Сонымен қатар, облыстық мәслихат депутаттары облыстық бюджет комиссиясының, «Бизнестік жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын, Маңғыстау облысындағы «Nur Kapital» шағын және орта бизнесті қолдаудың өңірлік бағдарламасын қарау жөніндегі Өңірлек үйлестіру кеңесінің, Маңғыстау облысында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азматтарды ынталандыру жөніндегі комиссиясының және тағыда сол сияқты ведомствоаралық комиссиялардың құрамында болып өзекті мәселелердің шешілуіне өз үлестерін қосып келеді.

Облыстық мәслихат саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар, баспасөз органдарымен байланысын, қарым – қатынасын ҚР Конституциясы заңдары негізінде құрып отырады. Мәслихаттың 6-шы шақырылымында сайланған 25 депутат «Нұр Отан» партиясының мүшелері. Әрбір депутат сайлау кезінде облыстық партия филиалының сеніміне және қолдауына ие болғандықтан да партияның сайлауалды тұғырнамаларының орындалуына жауапты және партия тапсырмаларын ыждағатты орындаулары тиіс екендігін жақсы біледі. Депутаттық фракцияның іс-жоспары да партия тұғырнамасы қағидаларының өз өңірімізде жүзеге асырылу міндетіне үлестірілген. Бүгінгі таңда депутаттар партия ұйымы жанынан құрылған қоғамдық Кеңестің қабылдауына белсенді араласуда. Сонымен бірге облыстық мәслихаттың депутаттары «Нұр Отан» партиясының жанынан құрылған комиссиялардың да  құрамында болып, партия саясатына сәйкес тұрғындармен кездесіп және оларды қабылдауды іске асыруда. Бұл туралы жұртшылыққа алдын ала хабардар етіледі. Қабылдауларда көтерілген мәселелер бойынша депутаттар өздерінің құзіретінде шешілетін мәселелерді жедел ұйымдастыру шараларын алып келеді.

Мысалы, денсаулығына байланысты басқа қалаға ем алуға бару үшін жол шығынын өтеп беру, мектепке қажетті материалдармен қамтамасыз ету, қаржылай қолдау сияқты мәселелерді айтуға болады.

Талдау көрсеткеніндей азаматтардың қабылдауда негізгі көтеретін мәселелері: жұмысқа орналасу, тұрғын үй алу, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту аясында тұрғын үйлерді жөндеу, ауылдардағы жолға қатысты мәселелер көбірек толғандырады.

Осыған орай бұл мәселелер бойынша тиісті шаралар алуға жергілікті атқарушы органдардың алдына қойылып бақылауға алынады.

Облыстық мәслихат пен облыс әкімдігі арасында да өзара бірлескен іс-қимылының тиімді жүйесі қалыптасуынын айтуға болады. Депутаттарымыз облыс әкімдігі жанынан құрылған әртүрлі комиссиялардың мүшесі ретінде олардың жұмысына қатысып отырады.

Депутаттық өкілетті жүзеге асырудың маңызды бір түрі – депутаттық сауал салу. Халық қалаулылары мәслихат құзыретіне жататын мәселелер бойынша әкімге, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға, қоғамдық ұйымдарға ресми хатпен 2018 жылы 55-тен астам депутаттық сауалдар жолданды. Жіберілген сауалдар бойынша дер кезінде көтерілген мәселелер кезең-кезеңімен шешімін тауып келеді.

Облыстық мәслихаттың депутаттары қалалық және аудандық мәслихаттың депутаттарымен бірлесіп жыл соңында өз округтері бойынша сайлаушыларымен кездесулер өткізіп келеді. Кездесуде атқарушы органдардың тиісті басшылары қатысып, көтерілген мәселелердің шұғыл шешілуімен бірге, кейбір құрделі шаруалар бойынша алынып жатырылған жұмыстар туралы тұрғындарға хабарлама, түсініктемелер беру мүмкіндіктері туады.

Облыстық мәслихаттың аппараты да өз жұмысын тиісті заңдылықтарға және мәслихаттың регламентіне сәйкес атқарып келеді. Аппарат қызметкерлері депутаттарға сессиялар мен комиссиялар отырыстарын дайындауға, сайлаушылармен кездесулерін өткізуге жан-жақты әдістемелік және нақты көмек көрсете алатын жоғары білімі мамандар. Аппаратта жас мамандар да тәлім алып, жауапты қызметтерге өсіп жатыр.    

Облыстық мәслихат қызметінің пәрменділігін одан әрі көтеру және депутаттарының белсенділіктерін арттыру мақсатындағы өз жұмыстарын жетілдіре беретін болады.     

 

 

 

Маңғыстау облыстық мәслихатының аппараты