25.02.2019

Маңғыстау облыстық мәлихатының кезекті жиырма төртінші сессиясы


Пресс-релиз

2019 жылдың 22 ақпанында өткен облыстық мәслихаттың кезекті жиырма төртінші сессиясында 14 сұрақ қаралды:

Облыста мектепке дейінгі білім берудің сапасы және оны жетілдіру жолдары туралы

Энергия тиімділігі мен энергия үнемдеуді арттыру жөніндегі шаралар туралы

Облыстық мәслихаттың әлеуметтік мәселелер және заңдылық пен құқықтық тәртіп мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы төрағасының есебі туралы

Облыстық мәслихаттың 2018 жылғы 12 желтоқсандағы № 22/265 «2019-2021 жылдарға арналған облыс бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Маңғыстау облысының Құрмет грамотасымен марапаттау туралы

Маңғыстау облысы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесін қызметіне тағайындау туралы

Маңғыстау облысы Қоғамдық кеңесінің құрамы туралы

Маңғыстау облысының қоршаған ортасы сапасының нысаналы көрсеткіштері туралы

Маңғыстау облысының жер комиссиясы құрамы туралы

Облыстық мәслихаттың 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 15/180 «Маңғыстау облысындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Облыстық мәслихаттың 2019 жылғы 30 мамырдағы № 19/232 «Облыс әкімі жанындағы  жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестің құрамы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Облыстық  мәслихаттың 2013  жылғы 29 мамырдағы №10/145  «Облыстық бюджеттік комиссияның құрамы туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Облыстық мәслихаттың кейбір шешімдерін жою туралы

Облыстық мәслихаттың жиырма бесінші сессиясының төрағасын сайлау туралы

«Облыста мектепке дейінгі білім берудің сапасы және оны жетілдіру жолдары туралы» мәселе бойынша облыс әкімінің орынбасары Р. Сәкеев баяндама жасады. Жарыссөзде №12 сайлау округінің депутаты Д. Күлмеханова сөз сөйледі.

«Энергия тиімділігі мен энергия үнемдеуді арттыру жөніндегі шаралар туралы» мәселе бойынша облыс әкімінің орынбасары Ө. Бисақаев баяндама жасады. Жарыссөзде №3 сайлау округінің депутаты Д. Клинчев сөз сөйледі.

«Облыстық мәслихаттың 2018 жылғы 12 желтоқсандағы № 22/265 «2019-2021 жылдарға арналған облыс бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселе бойынша облыс әкімінің бірінші орынбасары  А. Қыраубаев баяндама жасады.

Сессияда, Облыстық Қоғамдық кеңесінің және Жер комиссиясының жаңа құрамдары бекітілді. «Маңғыстау облысының қоршаған ортасы сапасының нысаналы көрсеткіштері туралы» мәселе қаралды.

Облыстық мәслихаттық шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді:

Маңғыстау облысының мемлекеттік – жеке-меншік әріптестіктер жобасында мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы;

Облыс әкімі жанындағы жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі Сараптамалық кеңестің құрамы туралы;

Облыстық бюджеттік комиссиясының құрамы туралы.

Сонымен бірге, облыстық мәслихаттың кейбір шешімдерін жою туралы мәселелер қаралды.

Облыстық мәслихаттың жиырма бесінші сессиясының төрағасы болып №5 сайлау округінің депутаты Аббат Жәңгірханұлы Өрісбаев сайланды.