26.02.2019

Облыс әкімі Ералы Тоғжанов Жаңаөзен қаласында жұмыс сапарымен болды


Негізгі мақсат жұмыспен қамту бойынша құрылған қоғамдық комиссия мүшелерімен кездесті. Аймақ басшысы өз сөзінде қала тұрғындарын жұмысқа орналастыру басты назарда екенінерекше атап өтті. Сондай-ақ, осы мақсатта ақпан айының басынан бері кешенді шаралар қолға алынғанын және соған қатыстыатқарылған жұмыстар туралы мәлімдеді. Ералы Тоғжанов: БІРІНШІДЕН. «Ашық есік күнін» өткіздік. Шараға 2000-нан астам азамат келді. 1137 азаматқа түсінік жұмыстары жүргізіліп, 630 адамның өтініші бойынша нақты жұмыс басталды.

Бұдан бөлек, мен 480 адаммен кездесіп, 18 азаматтың көкейде жүрген сұрақтарын тыңдадым. 10тұрғынды жеке қабылдадым.

ЕКІНШІДЕН. Ашық есік күні аясында менің ұсынысыммен жұмыспен қамту мәселелері бойынша қоғамдық комиссия құрылды. Оның құрамынаөздеріңіздің орталарыңыздан 16 адамсайланды.

21 ақпан күні аталған комиссия мүшелерімен Маңғыстау облысының әкімдігінде кездесу өткіздік. Бұл жиынға «Қазмұнайгаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы А.С. Айдарбаев пен мемлекеттік органдардың басшылары да қатысты" деді.Баршаңызға белгілі комиссия мүшелері бірқатар мәселені көтерді. Соның негізінде кешенді жұмыстар қолға алынды. Қазіргі таңда прокуратура органдарымен "Өзенмұнайгаз"компаниясы адамдарды жұмысқа қабылдау заңдылығы тексеріліп жатыр. Бір айдың ішінде толық анықталатын болады. Бұдан бөлек қала аумағындағы барлық букмекерлік орталықтар толық жабылады.

ҮШІНШІДЕН.23 ақпан күні Жаңаөзен қаласында «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі» өтті. Оған1000-нан астам адам қатысты. 101 кәсіпорын тұрғындарға 1061ваканция ұсынды, оның 546-сы Жаңаөзен қаласында. Орташа жалақы 110 мың теңге төңірегінде. 180-200 мың, 250 мың теңгеге дейін де жалақылар бар.

Бұдан бөлек, 105 азамат тегін қысқамерзімді оқыту курстарына жазылған. Білім саласы бойынша жұмысқа орналасу үшін 38 адам жолдама алды.

Айта кету керек, жәрмеңкеге облысымыздың барлық өндіріс мекемелері мен компаниялары, жеке кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтары қатысты.

ТӨРТІНШІДЕН. Бүгін төрт жерде тұрғындарды жұмысқа қабылдау басталды.  Алғашқысы – «Ардагерлер үйі» ғимаратынан комиссия  мүшелеріне арнайы бөлме бөлінді.Онда жұмысқа орналасуға ниетті азамттардың тізімі жасақталды.

Екіншісі – «Өзенинвест» кәсіпорны. Бұл мекемеде 350 жаңа жұмыс орыны құрылды, қазіргі таңда 49азамат жұмысқа  қабылданды.

Үшінші нүкте – қалалық білім бөлімінің ғимаратында облыс орталығынан келген 23 кәсіпорын өкілдері қоғамдық комиссия мүшелерімен бірлесіп тұрғындарды қабылдап жатыр. Олар 324 жұмыс орнын ұсынып отыр. Бүгін 465азамат түйіндемесін тапсырып, олардың 84-не келісім берілді.Оның ішінде, 11 адам Ақтауға жұмысқа орналасу үшін жолға шықты(«ҚазАзот» 5 адам, «Машинақұрастыру зауыты» 1 адам, «Оңдасын строй» 1 адам, «Ақжол құрылыс» 2 адам, «К7 групп» 1 адам, «СМК-4» ЖШС 1 адам).  Бұдан бөлек, 79 түйіндеме қаралу үстінде.

Жалпы, Ақтау кәсіпорындарына қызметке жолдама алатын Жаңаөзен қаласының тұрғындарын баспанамен қамту мәселесі шешіліп жатыр. Олар сол кәсіпорындардың жанындағы жатақханаларға орналастырылады.

Төртінші, кәсіпкерлікті ашу, дамыту мәселелері бойынша Жаңаөзен қалалық кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімінде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы және «Нұр капитал» (1% несие беру) жобасы бойынша кеңестер берілді.

Бизнесті қолдау және дамыту бағдарламаларына сәйкес жеке кәсіпкерлер 100-ден астам адамды жұмысқа қабылдауға дайын (Оның ішінде «Нұр капитал» бағдарламасы бойынша ісін бастаған мекемелер бар). Бүгін 50 адам тұрақты жұмысқақабылданады.

Сөйтіп, бүгін 183 адам жұмысқа орналасты.

Сонымен қатар, қоғамдық комиссияның мүшелері аула аралау жұмыстарын жалғастыруда. Әлеуметтік аз қамтылған тұрғындар, мүгедектер мен көпбалалы отбасыларды қолдау үшін тиісті шаралар атқарылуда. Алғыс айту күніқарсаңында300 аз қамтылған, көпбалалы отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтары қайырымдылық шараларымен қамту жоспарланып отыр.  Оларға 9 млн теңге көлемінде азық-түлік түрінде көмек көрсетіледі (бір отбасыға 30 мың теңге).

Ал аса мұқтаж аз қамтылған отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін 80 пәтермен қамту мәселесі шешілуде.

Жаңаөзен қаласы тұрғындарының сапалы медициналық көмекке қолжетімдікті арттыру үшін 50 орындық медициналық орталықтың құрылысын жыл соңына дейін аяқтауды тапсырдым.

Бұдан бөлек, Бостандық шағын ауданындағы және Рахат, Ақсу, Мерей, Жұлдыз ауылдарында дренаждық жүйесінің және нөсерлік кәріз құрылысы басталды. Бұл біраз жылдан бері шешімін таппай жүрген мәселе. Биыл 100 млн теңге бөлінді. Алдағы уақытта 427 млн теңгесін қарастыратын боламыз. Сөйтіп, мәселе толық шешіледі.

Биыл қалаішілік жолдардың құрылысына және Рахат ауылының кейбір көшелерін асфальттауға алғашқы транш бөлінді. Қалған қаражатты қарастырып жатырмыз.

Жаңаөзен қаласының кешенді даму жоспары негізінде екі жылдың ішінде қаланың дамуына қомақты қаражат бөлу жоспарланып отыр. Жиын соңында қоғамдық комиссия мүшелері сөз алып, бірнеше күннен бері атқарылған жұмыстары бойынша баяндады. Олар жұмысқа өтініш берген барлық азаматтардың үйлерін аралап, нақты жағдаймен танықандарын жеткізді. 

Дерек көзі: Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі