24.01.2019

Коммерциялық емес ұйымдар мен азаматтардың назарына!


Коммерциялық емес ұйымдар мен азаматтардың назарына!

 

Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңының 9 бабына сай Қоғамдық кеңестер құру жөніндегі жұмысшы тобы Қоғамдық кеңестер мүшелігіне конкурс жариялайды.

Облыстық Қоғамдық кеңестің құрамы - 35 адам.

Осыған орай, коммерциялық емес ұйымдар мен 18 жасқа толған және Маңғыстау облысы аумағында тұратын азаматтар осы хабарлама шыққан мерзімнен кейін 10 жұмыс күн ішінде конкурсқа қатысу үшін келесідей құжаттарды почта арқылы немесе жеке ұсынуға болады:

кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;

кандидаттың өмірбаян деректерін көрсете отырып, кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер ұсынылады.

Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат:

сотталғандығы болмауы;

сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған болуға;

психикалық ауруға, алкоголизмге, нашақорлыққа немесе уытқұмарлыққа байланысты денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрмауы тиіс.

Кандидаттар туралы ұсыныстар ағымдағы жылдың 25 қаңтары мен 7 ақпаны аралығында Маңғыстау облыстық мәслихатқа мына мекен-жайға ұсынылуы керек:

Ақтау қаласы, 14 шағынаудан, № 1 ғимараттың 2 блогы, 408-бөлме.

Байланыс телефоны: 43 33 04, 31 10 77

Эл.почта: obl.maslikhat@mangystau.gov.kz

 

Маңғыстау облысының

Қоғамдық кеңесін

қалыптастыру жөніндегі

 

жұмысшы тобы