16.01.2019

Облыстың Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмысшы тобы


Облыстық мәслихаттың 2016 жылғы 6 ақпандағы № 34/466 шешімімен бекітілген Маңғыстау облысының Қоғамдық кеңесінің өкілеттік мерзімі аяқталуына байланысты ағымдағы жылдың 14 қаңтары күні облыстық мәслихат хатшысының № 3 өкімімен Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмысшы тобының құрамы «Қоғамдық кеңестер туралы» ҚР Заңының 8 бабы 4 тармағына сәйкес бекітілді.

Маңғыстау облысының қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмысшы тобының құрамы:

1.  Дәрібаева Райхан Сұлтанқызы - «Мұнайлы аудандық Азаматтық бастама» қоғамдық бірлестігінің төрайымы;

2.  Жақаева Сәуле Бердіханқызы – Маңғыстау облысы бойынша «Іскер әйелдер қауымдастығы» ҚБ, төрайымы;

3.  Ибрайымов Мұхтар Сейітқасымұлы - облыстың ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары;

4.  Иса Есенәлі Жарылқасынұлы – облыс әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі;

5.  Қарасаев Нұрбек Қарасайұлы – Маңғыстау облысының кәсіпкерлер палатасының директоры;

6.  Қосымбай Маңдайлы Өзенбайқызы – Қазақстан журналистер одағының мүшесі;

7.  Салхинов Талғат Мұхитұлы – «Нұр Отан» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы, кеңесші;

8. Трұмов Серікбай Өтелгенұлы – облыстық мәслихат хатшысы.

 

9.  Төлетов Серікбай Құдайбергенұлы – «Ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы.