14.11.2018

Маңғыстауда бағаның негізсіз өсуі бақылауға алынады


Облыс әкімі Ералы Тоғжанов коммуналдық қызмет тарифтері, азық-түлік, дәрі-дәрмек, медицина, білім беру, қызмет көрсету саласындағы ақылы қызметтер, құрылыс материалдары мен 1 шаршы метр тұрғын үй бағасы, ЖЖМ тарифтері, байланыс қызметтері және басқа мәселелер бойынша кездесу өткізді.

Аймақ басшысы қоғам белсенділеріне, үкіметтік емес ұйымдарға, ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар өкілдеріне, мемлекеттік басқармалар мен департаменттерге, құқық қорғау органдарының басшыларына бағаны төмендету жолдарын талқылауды және  бағаны төмендетуге кедергі келтіретін проблемалық мәселелерді бірлесе шешуге арналған жоспар әзірлеуді ұсынды.

«13 қараша күні Премьер Министрмен өткен Үкімет отырсында, Елбасы тапсырмасын орындау мақсатында, 2019 жылдың 1 қаңтарынан  бастап  тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің бағаларын және тарифтердің құнын төмендету туралы тапсырма берілді. Баға белгілеу кезінде ескерілетін негізсіз шығындарды алып тастау  есебінен бағалар мен тарифтерді төмендетуді  қамтамасыз ету міндеті қойылды. Халық кеңестердің, жұмыс топтарының, мемлекеттік органдардың, қала және аудан әкімдерінің, бизнес өкілдерінің,  үкіметтік емес ұйымдардың және монополистердің жұмыстары туралы хабардар  болуы қажет. Аталған топ өкілдері проблемалық мәселелерді ашық режимде талқылап, оны шешу жолдарын ұсыну қажет.Қазір біз, 1- ші желтоқсанға дейін қандай тауарлар мен қызметтерге, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап нақты бағалар мен тарифтерді төмендете алатынымызды анықтап алуымыз керек», - деді әкім Ералы Тоғжанов.

«Бахыт» ПИК басшысы облыс әкіміне Ақтау қаласы бойынша ағымдағы мәселелер тізімін берді. Оның ішінде,  жөндеу жұмыстарын, ауыстыруды  қажет ететін нысандарға және кәріз жүйесіндегі мәселелерге тоқталды Сондай-ақ, жаз мезгілінде ыстық сумен қамтамасыз ету мәселесі мен жұмсақ шатырды металлға ауыстыру қажеттілігін айтты.  Өңір басшысы Ералы Тоғжанов  жұмыс тобына ұсынылған мәселелермен айналысуды тапсырды.

Никар Рафикова көлік тарифтерінің бағасының өсуіне әсер ететін өзекті мәселелерді айтты. Сондай-ақ электр энергиясын тарату және жеткізу үшін ақша алатын барлық компанияларға тексеру жүргізуді ұсынды.

Ералы Тоғжанов мемлекеттік органдарға бірқатар нақты тапсырмалар берді. Соның ішінде, энергетика және ТҮКШ басқармасына  коммуналдық қызметтердің тарифтері жөніндегі кеңес құру және оның құрамына барлық мүдделі тараптарды енгізу тапсырылды. Аудандар мен қала әкімдеріне ведомстволық мемлекеттік ұйымдар мен ПКСК (мысалы қоқыс, лифтілер шығару, тұрғын үйге қызмет көрсету және т.б.) тарифтерді төмендету жөніндегі нақты шараларды қабылдау жөніндегі жұмыс топтарын құру тапсырылды. Денсаулық сақтау, білім, жолаушылар көлігі және автожолдар, құрылыс басқармалары аудандар мен қала әкімдерімен бірлесіп, жетекшілік ететін салаларда бағалар мен тарифтерді төмендету жөнінде өзара іс-қимыл және нақты шаралар әзірлеу жөнінде жұмыс топтарын құрсын.Кәсіпкерлік және сауда, ауыл шаруашылығы басқармалары аудандар мен қала әкімдерімен бірлесіп, ЖЖМ, азық-түлік өнімдері, әсіресе мереке алдындағы және мереке күндері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдеріне бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу үшін тұрақты және қатаң мониторингті қамтамасыз ету.Аудан және қала әкімдері тұрақты нтүрде  азық-түлік өнімдерін жергілікті өндірушілердің өнімдерін жылжыту және сату бойынша жәрдем көрсете отырып, олардың ағымдағы жағдайды қадағаласын. Ірі компаниялардың басшылары 2019 жылғы сатып алу жоспарында жергілікті тауар өндірушілердің тауарларын, жұмыстарын, қызметтерін барынша сатып алуды көздесін. Олар болмаған жағдайда және басқа қалалардағы ұйымдардан тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алу, облыс аумағында басқа қалалардағы компаниялардың филиалдарын тіркеуді қамтамасыз етсін. Монополияға қарсы Департамент нарық  қатысушыларының теріс пиғылды іс-әрекеттеріне дер кезінде ден қою, бағаны негізсіз көтеруді сөз байласуға жол бермеу. Ұлттық Банктің филиалына екінші деңгейдегі банктермен, "Қазпошта" АҚ филиалымен бірлесіп, банктік қызмет көрсету саласындағы тарифтерін төмендету, ауылдық жерлерде олардың филиалдарының қатысуын кеңейту жөнінде нақты шаралар қабылдасын.

Дерек көзі: Маңғыстау облысы әкімінің  баспасөз  қызметі.