26.03.2019

Облыстық мәслихаттың жиырма төртінші сессиясының алдында, болған тұрақты комиссиялар мәжілісі


Пресс-релиз

Облыстық мәслихаттың жиырма төртінші сессиясының алдында, 2019 жылдың 21 ақпанында болған облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиялар мәжілісінде қаралған мәселелер:

Облыста мектепке дейінгі білім берудің сапасы және оны жетілдіру жолдары туралы;

Энергия тиімділігі мен энергия үнемдеуді арттыру жөніндегі шаралар туралы;

Облыстық мәслихаттың әлеуметтік мәселелер және заңдылық пен құқықтық тәртіп мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы төрағасының есебі туралы;

Облыстық мәслихаттың 2018 жылғы 12 желтоқсандағы № 22/265 «2019-2021 жылдарға арналған облыс бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

Маңғыстау облысының Құрмет грамотасымен марапаттау туралы;

Маңғыстау облысы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесін қызметіне тағайындау туралы;

Маңғыстау облысы Қоғамдық кеңесінің құрамы туралы;

Маңғыстау облысының қоршаған ортасы сапасының нысаналы көрсеткіштері туралы;

Маңғыстау облысының Жер комиссиясы құрамы туралы;

Облыстық мәслихаттың 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 15/180 «Маңғыстау облысындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы;

Облыстық мәслихаттың 2019 жылғы 30 мамырдағы № 19/232 «Облыс әкімі жанындағы  жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестің құрамы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

Облыстық  мәслихаттың 2013  жылғы 29 мамырдағы №10/145  «Облыстық бюджеттік комиссияның құрамы туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы;

Облыстық мәслихаттың кейбір шешімдерін жою туралы;

Облыстық мәслихаттың жиырма бесінші сессиясының төрағасын сайлау туралы.

Депутаттар алдында «Облыста мектепке дейінгі білім берудің сапасы және оны жетілдіру жолдары туралы» мәселесі бойынша облыстық білім басқармасының басшысы А. Сейдалиев сөз сөйледі.

Комиссияда осы мәселе бойынша құрылған жұмысшы тобының  депутаттар С. Жақаева, Д.Күлмехановалар хабарлама жасады.

Депутаттар А. Өрісбаев, Ж. Дәрменов, А. Меңдібаевтар облыстағы мектепке дейінгі білім берудің сапасы туралы сұрақтар қойып, ұсыныстар айтты.

 «Облыстағы энергия тиімділігі мен энергия үнемдеуді арттыру жөніндегі шаралар туралы» мәселесі бойынша облыс әкімінің орынбасары Ө.Бисақаев баяндады. Осы мәселе №3 сайлау  округінің депутаты Д. Клинчев сөйлеп, ұсыныстар берді.

«Облыстық мәслихаттың 2018 жылғы 12 желтоқсандағы № 22/265 «2019-2021 жылдарға арналған облыс бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселе бойынша облыстық Экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы М. Әлбекова баяндады.. Депутаттар білім беру ұйымдарында жалақыны уақытылы төлеу мәселелеріне көңіл қойды.

Комиссиялардың отырыстарында облыстық Қоғамдық кеңесі мен Жер комиссиясының жаңа құрамдары туралы және «Маңғыстау облысының Құрмет грамотасымен марапаттау туралы», «Маңғыстау облысы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесін қызметіне тағайындау туралы», «Маңғыстау облысының қоршаған ортасы сапасының нысаналы көрсеткіштері туралы» мәселелер тыңдалып, сессияда қарау ұсынылды. Облыстық мәслихаттық кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәселе талқыланды.

«Маңғыстау облысының мемлекеттік – жеке-меншік әріптестіктер жобасында мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау» жөнінде М. Орманов,   А. Салманов, А. Өрісбаев және тағы да басқа депутаттардың тарапынан бірнеше сұрақтар беріліп, ұсыныстар айтылды.

Сонымен бірге, облыстық мәслихаттың кейбір шешімдерін жою туралы мәселелер қаралды.

Облыстық мәслихаттың жиырма бесінші сессиясының төрағасы болып, №5 сайлау округінің депутаты Аббат Жәңгірханұлы Өрісбаев сайланды.