21.02.2019

Маңғыстауда көп балалы отбасыларға 100 мың теңге төленеді


Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша "Нұр Отан" партиясының қамқорлығымен мүгедектерді, жетім балаларды, көп балалы аз қамтылған отбасыларды қолдауға бағытталған "Бақытты отбасы" жобасын іске асыру басталады. Облыстық жұмыс тобы құрылды, онда бірқатар ұсыныстар дайындалды, олар бойынша нақты шешімдер қабылданды.

Бірінші-ағымдағы жылдың 2 тоқсанынан бастап көп балалы аз қамтылған отбасыларға 100 мың теңге көлемінде біржолғы төлем беріледі. 

Екінші–мүгедектерге, жетім балаларға және көп балалы аз қамтылған отбасыларға өз бизнесін құру үшін конкурстық негізде 500 мың теңгеге дейін 200 гранттар беріледі.

Үшіншісі- Қазіргі уақытта тегін медициналық көмектің кепілдік негізінде бір реттік оңалту курсы беріледі. Алайда, кейбір балаларға 2-ші , 3-ші оңалту курсын жүргізу қажеттілігі бар. Осыған байланысты, аз қамтылған отбасылардың мүгедек балалары үшін 2-ші оңалту курсын бюджет есебінен қаржыландыру туралы шешім қабылданды.

Төртіншіден- Маңғыстау облысы орталық өңірге алшақ орналасқандықтан, денсаулық сақтау басқармасыныңжолдамасы бойынша мүгедек балалардың Астана менАлматы қалаларындағы республикалық орталықтарынаата-анасының бірінің ілесіп барып-келуін әуе көлігіменжол жүру құнының 40 МРП-дан аспайтын мөлшерін(шамамен 100 мың теңге) төлеугешешім қабылданды

Бесінші–қолданыстағы балабақшалар базасында Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнайы топтар құрылады.

Алтыншы- маңғыстаулық көп балалы аналар қоғамдық көлікте тегін жүреді. Ағымдағы жылдың сәуірінен бастап Ақтауқалаішілік және Ақтау-Мұнайлы ауданыбағытындағы қоғамдық көліктерде;ағымдағы жылдың тамызынан бастап Жаңаөзенқалаішілік қоғамдық көліктерде; 2020 жылдан бастап – Маңғыстау және Бейнеуауданішілік қоғамдық көліктерде.

Жетіңші - жәрдемақы алуға, тұрғын үй төлемдерін алуға, жұмысқа орналасуға, тұрғын үйге кезекке тұруға, бизнес-бастамаларды сүйемелдеуге заңгерлік және консультациялық көмек көрсету үшін наурыз айынан бастап, "Бірыңғай әлеуметтік терезе" орталығы жұмыс істейтін болады.

Бүгінгі таңда өңірде 28 млрд. теңге сомасында халықтың әлеуметтік осал топтарына мемлекеттік қолдаудың 20 түрі көрсетіледі. 2018 жылы 1 867 аз қамтылған отбасыларға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Бұдан басқа, осы жылдың 1 қаңтарынан бастап мүгедектер, асыраушысынан айырылған және мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға зейнетақы 7%-ға өсті.

Дерек көзі: Маңғыстау облысының баспасөзі қызметі