22.12.2018

Облыс әкімі Ералы Тоғжанов бір қатар өндірістік нысандарды аралады


Жұмыс сапары барысында аймақ басшысы" Ақтау теңіз порты" АЭА аумағындағы нысандармен танысты. Теңіз портындағы экономикалық аймақ  құрылған сәттен бастап шамамен 98 млрд.теңге тартылды. 283 млрд. теңге соммаға өнім өндірілсе, 24,5 млрд. теңге мөлшерінде бюджетке салық төленіп, 1153 жаңа жұмыс орны ашылды.Бүгінгі күні арнайы экономикалық аймақта 28 жоба тіркелген, оның ішінде 17-і  тұрақты жұмыс істеп тұрса, 1 жоба іске асыру сатысында. Сондай-ақ,  7 жоба 2019-2020 жылдарға жоспарланған.

Алдымен облыс басшысы "Ақтау теңіз порты" АЭА  болат өндіретін зауыт"Болат құю орталығы" ЖШС құрылысымен танысты. Бұл жоба, қуаты 1000 тоннаға дейін құйма бұйымдар мен өнеркәсіп шаруашылығының әр саласында қолданылатын шойын мен болаттан жасалған бұйымдарды шығаруға маманданған. Зауыт өнімдері Маңғыстау облысы мен Қазақстан ішкінарығында, сондай-ақ экспортқа шығарылатын болады.

Жұмыс сапарында аймақ басшысы битум негізінде қатты және сұйық гидрооқшаулағыш материалдар шығаратын "SATEX CHEMIE" ЖШС мен "Маңғыстау индустриялық паркіне" барды. Индустриялық аймақ 2017 жылдың маусымайында Ақтау пластикалық зауытының базасында құрылған. Кәсіпорынның инфрақұрылымы энергия ресурстарын транзиттеу, өнер кәсіптік ағындарды тазарту және 20 субабоненттің үздіксіз жұмыс істеп, кірме жолдарды ұсыну үшін тартылған. Бұдан кейін Ералы Тоғжанов мұнай жабдықтарын жөндейтін "ТехСнабТрэдинг"  ЖШС мен қасбетті қаптау материалдарын дайындайтын "Вест Декор" ЖШС жқмысымен танысты.

Сондай-ақ, облыс әкімі"КОС-2"кәріз суын тазарту кәсіпорынның жұмыс барысымен танысты. Нысан құрылысы 2008 жылы басталған. Алайда нысанның жобалық-сметалық құжаттамасына түзетулер енгізіліп, уақытылы қаржыландырылмағандықтан құрылыс жұмыстары ұзаққа созылған. Қазіргі уақытта 3,4 млрд. теңге сомасындағы құрылыс-монтаж жұмыстарының 98% аяқталды. Енді іске қосу-жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Тазартылған судың  80%"Қошқар Ата"су қоймасына құйылады.  Ол шаң-тозаңның алдын алып, көлдің аумағын арттырмақ.

Алдағы уақытта «КОС-1» ден «КОС-2» ге дейін 2 құбырлы канализациялық желі құрылысын тартуқарастырылуда.  Бұл«КОС-1» жұмысын тоқтатып, қаланың сарқынды суларын толығымен «КОС-2» тазалауға мүмкіндік береді. Осы мақсатта «КОС-2»-нің екінші кезеңін әзірлеу үшін қуаттылығы 40,0 мың м3/тәул болатын жобаның сметалық құжаттамасы әзірленді. Қазіргі кезде кәріз суын тазарту жұмысының қорытынды қуаты тәулігіне 70,0 мың м3. Ол  қала мұқтажын толықтай қанағаттандырады деген сөз. Алдағы уақытта тазартылған суды әуежай мен "Қошқар Ата" көлінің айналасындағы жасыл желектерді суару үшін пайдалануға беріледі. Ол  жұмыстар 2019 жылдың наурыз айында аяқталады", - деді әкім Ералы Тоғжанов.

Дерек көзі: Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі