21.12.2018

Ақтауда жаңа трансформаторлық зауыт іске қосылды


Трансформаторлық зауытының салтанатты ашылу рәсіміне өңір басшысы Ералы Тоғжанов қатысты. Зауыт 6– 10- 35 кВ. кернеулік өнімдер шығарады. Жоба Маңғыстау облысының Индустрияландыру картасына енгізілген. 

Жобалық қуатқа шыққан кезде жалпы жылдық көлем 6 млрд. теңгені құрайды, сондай-ақ зауыттың ашылуы шамамен 150 жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді. Бұл өңір мен жалпы ел экономикасының дамуына елеулі үлес қоспақ. Өндіріс жүйесі автоматтандырылған және компьютерлермен басқарылады. 

"Зауыт жоғары технологиялық еуропалық жабдықтармен жабдықталған. Бірақ бұл ретте қазақстандық қамтуды оқшаулау 90 пайызды құрап отыр. Ақтау трансформаторлық қосалқы станциясының барлық жиынтықтары Қазақстанда  өндірілген. Зауыт жыл сайын 4 мың трансформаторлық қосалқы станцияны, яғни күніне 20 бірлікті шығаруға есептелген. Бұл көлемнің бір бөлігі Маңғыстау облысының барлық қажеттіліктерін және осы өнім түріндегі таяу шетел нарықтарын жабу үшін жеткілікті. Сондықтан біз 50 пайызды экспортқа - Түркменстан, Әзірбайжан және Иранға - жіберуге ниеттіміз",- деді Ералы Тоғжанов. 

Бүгінгі таңда кәсіпорынның өз әзірлемелері жолға қойылған, жергілікті жоғары оқу орындарымен және колледждермен заманауи жоғары технологиялық қондырғыларда жұмыс істеу үшін мамандар даярлау бойынша даульді оқыту жүйесі туралы меморандумға қол қойылды.

Дерек көз: Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі