20.12.2018

Коммерциялық емес ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының назарына!


Коммерциялық емес ұйымдар мен

бұқаралық ақпарат құралдарының назарына!

Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ереженің (бұдан әрі – Үлгілік ереже) 12 тармағына сай Маңғыстау облыстық мәслихаты ашықтықты және объективтілікті қамтамасыз ету үшін Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобына  (бұдан әрі – жұмыс тобы) кандидаттардың қатысуымен жұмыс тобының отырысына коммерциялық емес ұйымдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатарынан байқаушыларға конкурс жариялайды.

Жұмыс тобының отырысына байқаушы ретінде қатысу үшін байқаушы болуға ниет білдірген адам осы Үлгілік ереженің екінші қосымшасына сәйкес нысан бойынша жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурсқа байқаушы ретінде қатысу үшін өтінішті облыстық мәслихатқа 2019 жылдың 5 қаңтарына дейін ұсынады немесе электрондық поштаға жолдайды.

Актау қаласы, 14 ш/а., № 1 ғимарат, 326 каб.

Байланыс телефондары: 433304, 311077

Эл.пошта: obl.maslikhat@mangystau.gov.kz

 

 

Маңғыстау облыстық мәслихаты