20.12.2018

Коммерциялық емес ұйымдар мен азаматтардың назарына!


Коммерциялық емес ұйымдар мен азаматтардың назарына!

Маңғыстау облыстық мәслихаты Қоғамдық кеңес туралы үгілік Ереженің (бұдан әрі – Үлгілік ереже) 8 тармағына сай Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының (бұдан әрі – жұмыс тобы) мүшелігіне конкурс жариялайды. Жұмыс тобының құрамы 9 адамнан құралады: коммерциялық емес ұйымдардан - 6, мемлекеттік органдардан - 3.

Осыған орай, коммерциялық емес ұйымдар мен азаматтар конкурсқа қатысу үшін келесідей құжаттарды пошта арқылы немесе жеке ұсынуға болады:

1)  Үлгілік ереженің бірінші қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініші;

2)  жұмыс тобының мүшелігіне үміткерді (бар болса) ұсыну үшін коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы;

3)  Қазақстан Республикасы азаматының жеке кәуілігі.

       Кандидаттар туралы ұсыныстар 2018 жылдың 21 желтоқсаны мен 2019 жылдың 8 қаңтары аралығында облыстық мәслихатқа мына мекен-жайға ұсынылуы керек:

Ақтау қаласы, 14 шағынаудан, 1-ғимарат, 326-бөлме.

Байланыс телефоны: 433304, 311077

Эл.почта: obl.maslikhat@mangystau.gov.kz

 

 

Маңғыстау облыстық мәслихаты