15.11.2018

Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті ессиясы өтті


Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті ессиясы өтті

Ақтауда «Жарқын болашаққа – Жаңғыру жолымен» атты Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының XXII сессиясы  өтті. Сессия отырысына облыс әкімі Е.Тоғжанов төрағалық етті.

Облыс әкімі Ералы Лұқпанұлы облыста Ассамблея аясында жасалған жұмыстарды қорытындылады.  Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы өңірдегі барлық этнос өкілдерін ортақ мақсатқа ұйыстыра отырып, облысымыздағы тұрақтылықты сақтау мен ел дамуына айтулы үлес қосып келетіндігі туралы айтып өтті.

«Біздің міндетіміз – еліміздегі қоғамдық келісім мен тұрақтылықты сақтау. Сондықтан, әрбір жасаған ісімізге жауапкершілікпен қарауға тиістіміз. Дамыған 30 елдің қатарына енуге ұмтылған Тәуелсіз Еліміздің алға қадам басқанында Сіздердің әрқайсыларыңыздың үлестеріңіз зор! Сол үшін Сіздерге ерекше  алғысымды білдіремін! «Бірлігі бар елдің, тірлігі де берекелі болады» - деген дана халқымыз. Жұмылып жасаған ісіміздің нәтижелі болары анық», - деді Е.Тоғжанов

Сессия  барысында Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Виталия Ионо  Тварионас құттықтау сөз сөйледі. Сондай-ақ, «Қырғызстан-Астана» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ш. Исмаилов, «Булгар» татар этномәдени бірлестігінің өкілі, Street Workaut 2018 жыл әлем чемпионы И. Ягьяев, Жиһаз шығару цехының директоры А.Чигин, сөз сөйледі.  Ш. Есенов атындағы КМТИУ «Қазақстан халқы Ассмаблеясы» кафедрасының меңгерушісі А.Мамбетова Елбасы жолдауын талқылап, ҚХА жанындағы ғылыми-сараптамалық топтың атқарған жұмыстарына тоқталды.

«Вайнах» шешен және ингуш этномәдени бірлестігінің өкілі Д. Элимханов: «Келесі жылды Елбасымыз Жастар жылы деп жариялағаны белгілі, бұл, жастарға көбірек көңіл бөлінеді деген сөз. Сондықтан, біз, өз еңбегімізбен, білімге құштарлығымызбен және нақты істерімізбен еліміздің даңқын шығаруға міндеттіміз! Бізге тәуелсіздікті сақтау және нығайту үшін ерекше жауапкершілік жүктелді!», -  деді өз баяндамасында.

Сессия соңында облыс әкімі Е.Тоғжанов белсенді қоғамдық қызметі, ұлттық бірлікті нығайтуға және қоғамның рухани дамуына қосқан үлесі үшін облыстық этномәдени бірлестіктер мүшелеріне Алғыс хат табыстады.

Іс-шара соңында сессия қатысушылары мен қонақтарға кішігірім концерттік бағдарлама ұсынылды.

Дерек көз: Маңғыстау облысы әкімінің  баспасөз  қызметі