21.08.2018

Әкім Ералы Тоғжанов маңғыстаулықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады


Әкім Ералы Тоғжанов маңғыстаулықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады

21 тамыз мұсылман қауымы ең басты діни мейрамдардың бірі Құрбан айт мерекесін тойлайды. Таңғы сағат 7:15-те Бекет Ата орталық мешітінде мерекелік Айт намазы оқылды.
Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов облыстың барша тұрғындары мен мұсылман қауымын құттықтап, өз сөзінде " Құрбан Айт - өмірдің маңызды басымдылықтары: бірлік, жанашырлық, достық пен мейірімділікті негізге алған мұсылмандардың ең маңызды мейрамдарының бірі. Құрбан айт xалықтың бірлігін нығайтып, жақсылық пен қайырымдылықтың белгісіне айналды. Діндардың пейілі әрқашан жасампаз әрі таза болуы тиіс. Олардың әрқайсысы xалқымыздың бірлігіне, ұлтаралық келісімнің нығаюына өз үлесін қосуы қажет. Елбасымыздың және облыс басшыларының атынан баршаңызды Құрбан айт мерекесімен құттықтаймын! Мереке әр үйге жылулық пен қуаныш, бақыт пен саулық әкелсін!" деді.
Одан соң өңір басшысы Құрбан Айт мерекесін тойлауға арнап ұйымдастырылған мерекелік шараларға қатысты. Діни мерекеге арнап, облыс кәсіпкерлері мен қоғам қайраткерлері әр-түрлі дәмге толы дастарxан жайылған киіз үйлер тіккен. Қала тұрғындарына арнап, спорттық ойындар, арқан тарту, қазақша күрес, гір тастын көтеру секілді түрлі шаралар ұйымдастырылды. Одан өзге, Бекет Ата мешітінің алаңында өз киіз үйін Қазақстан xалқы Ассамблеясының өкілдері де тіккен. Олар аз қамтылған, көп балалы отбасылар және қамқорсыз қалған балаларға мектепке дайындық барысында көмек көрсету мақсатында "Мектепке жол", "Жомарт жүрек АСАР" қайырымдылық акцияларын өткізді.
Жане де шара барысында облыс әкімі Ералы Лұқпанұлы 1-топ мүгедегі Еркін Байзақовқа пәтер кілтін табыстады. Еркін Байзақовтың отбасына арналған пәтер 32б шағын ауданда орналасқан жаңа үйлердің бірінде. Үйді жеке кәсіпкер Сұңғат Мұңалбаевпен салынған.

Дерек көзі: Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі