04.08.2017

Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі облыс әкімінің есебі туралы


                       6 сайланған Маңғыстау облыстық мәслихатының

Ш Е Ш І М І

 

 

                                       Ақтау қаласы                                                             № 11/134                                      4 тамыз 2017 жыл

 

 

 

 

 

Облыстың әлеуметтік-экономикалық

дамуы жөніндегі облыс әкімінің есебі туралы

 

Облыстық мәслихат «Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі облыс әкімінің есебі туралы» Е. Тоғжановтың  есебін тыңдап және талқылап өңірде тұрақты макроэкономикалық және әлеуметтік-саяси жағдай сақталып отырғанын атап өтеді.

Облыстың өнеркәсіптік кәсіпорындары 2017 жылдың қаңтар-маусымында қолданыстағы бағада 1048,2 млрд. теңгенің өнімін өндірді. Өнеркәсіптік өнімнің нақты көлем индексі (НКИ) 99,1 пайыз құрады.

Қарқынның баяулауы, жалпы көлемде үлесі 87,4 пайыз құрайтын тау-кен өндіру өнеркәсібіндегі НКИ-нің (99 пайыз) төмендеуіне байланысты болды (916,1 млрд. теңге). Негізгі себеп – мұнай өндірудің өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 0,3 пайызға азаюы (8,8 млн. теңге).

Техникалық қызметтердің 8,3 пайызға өскені байқалады. Табиғи газ өндіру 17,4 пайызға немесе 1537,8 млн. текше метрге дейін артты

Өңдеу өнеркәсібіндегі (саланың үлесі – 6,2%) өндіру көлемі 2,1 пайызға артып, 64,9 млрд. теңгені құрады

Негізгі капиталға инвестициялар көлемі 221,6 млрд. теңгені немесе 2016 жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 115,3 пайыз құрады. Бұл ретте, тау-кен өнеркәсібіндегі көлем – 38,4 пайызға, өңдеу өнеркәсібіндегі көлем – 35,2 пайызға өсті.

Негізгі капиталға инвестициялардың одан әрі өсуін қамтамасыз ету мақсатында, өңір экономикасына тікелей инвестицияларды тарту бойынша шетелдік инвесторлармен жұмыс жүргізілуде. Жыл басынан бері облысқа Ұлыбританиядан, АҚШ-нан, Бельгиядан, Франциядан, Қытайдан, БАӘ-нен, Түркиядан, Литва Республикасынан инвесторлар мен делегациялар келіп кетті. Ынтымақтастық туралы уағдаластықтарға қол қойылды.

Ағымдағы жылдың қаңтар-маусымында құрылыс жұмыстары                    59,8 млрд. теңге сомасына жүргізілді немесе бағалар индексін есепке алғанда 2016 жылдың осындай кезеңіне 93 пайыз  құрады. Ағымдағы жылы «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының аясындағы жобаларды, «Нұрлы жер» бағдарламасының аясындағы тұрғын үй салу жобаларын, «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасының» аясындағы жобаларды іске асыру, сондай-ақ жобаларды мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі бойынша іске асыру есебінен өсу резервтері бар.

Жалпы ауданы 542,6 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді немесе 2016 жылдың осындай деңгейінен 35,4 пайызға артық. Негізгі көлем жеке құрылыс салушылардың меншікті қаражатына келеді – 72 пайыз.

Облысты перспективалы даму бағыттарын іске асыру бойынга жұмыс жалғасуда: мұнай-газ өндіру секторын одан әрі дамыту (мұнай-газ өндіру, мұнай-газ сервисі), транзиттік әлеуетті дамыту (көлік пен логистика), құрылыс индустриясын дамыту, туризмді дамыту, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту.

Көлік-инфрақұрылымдық даму саласында, «Нұрлы жол» бағдарламасының аясында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның Құрық портындағы паром кешенінің құрылысы жалғасуда. 1 іске қосу кешені бойынша жұмыстар аяқталып, барлық жоспарланған объектілер пайдалануға берілді. 2017 жылы автомобильдік жүріп өту жолы («Құрық – Құрық порты» автожолы) бар құны 60,0 млрд. теңге болатын екінші іске қосу кешені бойынша жұмыс басталып, ағымдағы жылы Ұлттық қордан 50 млрд. теңге бөлінді. Аяқтау мерзімі – 2018 жыл.

Азия даму банкінің қарыз қаражатын тарту арқылы республикалық бюджет қаражаты есебінен «Шетпе-Жетібай-Ақтау» автомобиль жолын реконструкциялау бойынша жұмыстар аяқталуда. 2017 жылға 3,2 млрд. теңге бөлінді. Құрылатын жұмыс орындары – 797 адам.

«Бейнеу – Ақжігіт – Өзбекстан Республикасы (Нүкіске)» автомобиль жолын реконструкциялау жұмыстары басталды (84км). Республикалық бюджеттен 2017 жылға 480 млн. теңге бөлінді. Конкурс өткізіліп, мердігер анықталды.

Сондай-ақ, «Жетібай-Жаңаөзен» автомобиль жолын (63 км) реконструкциялау бойынша мердігер анықталды. Азия даму банкінің (АДБ) қарыз қаражатының есебінен 2017 жылға 4,5 млрд. теңге көздестірілді. ҚР Үкіметі АДБ-нен алынатын қарыз туралы келісімді ратификациялағаннан кейін келісімшарттарға қол қойылатын болады.

Ақтау халықаралық теңіз портын солтүстік бағытта кеңейту жобасының аясында 3-кезеңнің 2-кезегі – 3 айлақтың, алаңішілік инженерлік желілердің, қызметтік және өндірістік ғимараттардың құрылысы аяқталуда.

Жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын салуға, күрделі, орташа, ағымдағы жөндеуге және күтіп-ұстауға, сондай-ақ ЖСҚ-ын әзірлеуге республикалық және облыстық бюджеттердің қаражатынан 2017 жылға шамамен 7,9 млрд. теңге бөлінді.

«Ақтау-Құйылыс» (7-19 км), «Форт-Шевченко – Ақтау-Қаламқас жолының 43 километріне дейін» (43-75 км) автожолдарын күрделі жөндеу, «Ақтау – Форт-Шевченко» - Қаламқас кен орны» (88-154 км) автомобиль жолын орташа жөндеу жалғасуда. «Форт-Шевченко-Таушық-Шетпе» автожолын орташа жөндеу басталды (76-88 км).

Ақтау-Қаламқас және Таушық-Шетпе автожолдарындағы жасанды құрылыстарды реконструкциялау (1 және 2-кезеңдер), «Қияқты-Тұщықұдық», «ХТКМЗ-ның жол қиылысынан №23, 24, 28 «А» шағын аудандарының қиылысына дейінгі №55» автомобиль жолдарын реконструкциялау жүргізілуде.

Облыс бойынша жүк тасымалының көлемі 2017 жылдың қаңтар-маусымында 113,3 млн. тоннаны құрады, бұл – 2016 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 6,3 пайызға көп.

«Ақтау теңіз порты» АЭА аумағында 2017 жылы «Ақтау Керамзит» ЖШС-нің керамзит тасын өндіретін зауыты іске қосылды, 5,6 млрд. теңге жалпы сомасына, шамамен 310 жұмыс орнын құрумен тағы 3 жобаның құрылысын аяқтау және пайдалануға беру жоспарлануда.

Облыстың туристік әлеуетін алға жылжыту мақсатында «Түпқарағанның 7 қойнауы туристік маршрутын әзірлеу және жайластыру» жобасының ЖСҚ-ын әзірлеуге жергілікті бюджеттен 2017 жылы 12,5 млн. теңге бөлінді. Сондай-ақ, Түпқараған ауданында Саура шатқалының аумағын абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.

Облыс тұрғындарының «Астана «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне баруын ұйымдастыру жұмысы жүргізілуде.

Бөлшек тауар айналымының көлемі 2017 жылдың қаңтар-маусымында 66,4 млрд. теңгені құрады немесе 2016 жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 99,4 пайыз. Бұл – дара кәсіпкерлердің, оның ішінде базарларда сауда жасайтын кәсіпкерлердің тауарларды бөлшек бағамен сатуының 8,5%-ға азаюына байланысты.

Тұтыну бағалары мен тарифтердің индексі ағымдағы жылдың маусымында 2016 жылдың желтоқсанына 103 пайыз (ҚР бойынша – 103,7 пайыз), оның ішінде азық-түлік тауарларына – 104,3 пайыз (ҚР бойынша – 105,1 пайыз), азық-түлік емес тауарларға – 103,7 пайыз (ҚР бойынша – 103 пайыз), ақылы қызметтерге  – 100,9 пайыз (ҚР бойынша – 102,8 пайыз) құрады.

Бағаларды тұрақтандыру мақсатында, «Каспий» ӘКК» ҰК» АҚ шарттар жасасу және елдің ауыл шаруашылығы өңірлерінен әлеуметтік маңызды тамақ өнімдерін тікелей жеткізуді қамтамасыз ету жұмысын жалғастыруда.

«Азық-түлік қауіпсіздігі» өңірлік бағдарламасының аясында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатып алу үшін жергілікті бюджеттен             862 млн. теңге бөлінді. Жыл басынан бері қалыптастырылған қордан 143 млн. теңге сомасына тауарлар өткізілді. Жыл басынан бері жергілікті тауар өндірушілердің 297 жәрмеңкесі өткізіліп, оларда 245 млн. теңге сомасына өнім сатылды.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 4,0 млрд. теңге сомасына өндіріліп, саладағы НКИ 104,2 пайыз құрады. Ірі қара мал басының – 22,1 пайызға (19,7 мың бас), қой мен ешкінің – 4,4 пайызға (513 мың бас), жылқылардың – 10,4 пайызға (83,3 мың бас), түйелердің – 8,1 пайызға (62,6 мың бас) өскені байқалады.

Өңірде жалпы ауданы 19,35 га 26 жылыжай, оның ішінде ауданы 13,1 га өнеркәсіптік үлгідегі 5 жылыжай және ауданы 6,05 га фермерлік үлгідегі 21 жылыжай жұмыс істейді. Бірқатар жаңа жылыжайлар салу бойынша жұмыс жүргізілуде.

Ағымдағы жылы Маңғыстау ауданында «Накхан» ШҚ қуаттылығы жылына 360 тонна болатын қымыз өндіретін цех ашты. Қымыз құятын жабдық «Маңғыстауагросервис» ЖШС арқылы сатып алынды. Қарақия ауданында «Сенек» ЖШС қуаттылығы жылына 216 тонна болатын қымыз өндіретін цех құруда. Түпқараған ауданында «Ағарған» ЖШС-нің қуаттылығы жылына 650 тонна болатын түйе сүтін бөтелкеге құятын зауыты іске қосылды. «Aspan Storage» ЖШС голландтық технология бойынша 1321 тонналық көкөніс қоймасының құрылысын аяқтауда. Жабдық сатып алу «Қазагроқаржы» АҚ арқылы қаржыландырылуда.

2017 жылы: Жаңаөзен қаласында – «Олжа», Қарақия ауданында – «Асар», Бейнеу ауданында – «Берген Бек», Түпқараған ауданында – «Қызылөзен» кооперативтері құрылды.

Шағын және орта бизнестің жұмыс істеп тұрған субъектілерінің саны 01.07.2017 жылға 45,9 мың бірлікті құрады, бұл – 2016 жылдың осындай датасына қарағанда 4,8%-ға көп (43,8 мың бірлік).

«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында біздің облыс үшін 2017 жылы 1 055,8 млрд. теңге жалпы сомасында қаражат бөлінді. 2017 жылдың 1 жартыжылдығында 5,8 млрд. теңге жалпы сомасына 97 жоба мақұлданды, бұл – өткен жылдың 1 жарты жылдығымен салыстырғанда 2,4 есеге көп. Нәтижесінде 1 579 жұмыс орны сақталып, облыс бойынша қосымша 420 жаңа жұмыс орны құрылды.

«Даму өндіріс» бағдарламасының аясында өңдеу секторында 12,4 млрд. теңге сомасына 69 жоба мақұлданды.  

Ағымдағы жылдың басынан бері «Атамекен» МҚҰ» ЖШС 65,3 млн. теңге сомасына 13 микрокредит беріп, 49 жаңа жұмыс орны құрылды.

«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының іске асырылуын есепке алғанда, 2017 жылдың қаңтар-маусымында облыс бойынша барлығы 13358 жұмыс орны құрылды, бұл – 2016 жылдың 1 жарты жылдығына қарағанда 4,7 пайызға көп.

16040 адам жұмыспен қамтумен, оның ішінде 10877 адам – тұрақты жұмыс орындарымен, 944 адам – маусымдық жұмыстармен, 2682 адам – жергілікті бюджеттер есебінен ақысы төленетін қоғамдық жұмыстармен, 865 адам – әлеуметтік жұмыс орындарымен, 672 адам – жастар практикасымен қамтамасыз етілді.

«Дипломмен ауылға» жобасының аясында облыстың ауылдық елді мекендеріне 374 жас маман жұмысқа орналастырылып, оның ішінде 197 адам тұрғын үйге арналған бюджет кредиттерін алды.

Жалпы жұмыссыздық деңгейі 2017 жылдың 1-тоқсанында (ашық еңбек нарығында) 4,9 пайыз құрап (2016 жылдың 1-тоқсанында – 5,1 пайыз), оның ішінде жастар жұмыссыздығы 5,0 пайыздан 4,2 пайызға дейін азайды.

Еңбек ұтқырлығын көтеру мақсатында, 2017 жылғы 26 мамырда қоныстандыру өңірлері – Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстары өкілдерінің қатысуымен Ерікті қоныс аудару форумы өткізілді.

01.07.2017 жылға құрамында 23 адам бар 5 отбасы Шығыс Қазақстан облысына қоныс аударды. Ағымдағы жылдың қаңтар-тамызында құрамында 29 адам бар 7 отбасы қоныстандыру өңірлеріне көшуді жоспарлауда.

Форум шеңберінде Ақтау, Жаңаөзен қалаларында және Мұнайлы ауданында қоныстандыру өңірлері өкілдерінің қатысуымен республикалық бос орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылып, онда әлеуетті қондырушыларды жұмысқа орналастыру үшін 3500-ден аса жұмыс орны ұсынылды.

Мемлекеттік бюджетке (Ұлттық қорды есепке алмағанда) 147,6 млрд. теңге (2016 жылдың осындай кезеңіне – 94,1 пайыз), оның ішінде республикалық бюджетке – 84,3 млрд. теңге (89,1 пайыз), жергілікті бюджетке – 63,3 млрд. теңге (101,8 пайыз) сомасында салықтар мен өзге де міндетті төлемдер түсті.

Облыстың 2017 жылғы нақтыланған бюджеті 173 млрд. теңгені құрайды. 2017 жылдың қаңтар-маусымында бюджеттің кірістер бойынша атқарылуы жоспарға – 99,1 пайыз, оның ішінде республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер мен кредиттер бойынша – 99,3 пайыз құрады.

«Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасының» аясында 2017 жылы 11 жобаны  іске асыруға республикалық бюджеттен 4 393,4 млн.теңге мөлшерінде қаражат бөлінді.

5 ауыспалы жоба бойынша құрылыс-жинақтау және жер қазу жұмыстары жүргізілуде, олар 2017 жылы пайдалануға берілмек. 6 жаңа жоба бойынша конкурстық рәсімдер өткізілуде, оның ішінде 2 жоба ағымдағы жылы аяқталады, 4 жоба 2018 жылға өтеді.

Бүгінге орталықтандырылған сумен жабдықтаумен қамтамасыз етілу ауылдық елді мекендерде (бұдан әрі – АЕМ) 53,3 пайыз құрайды (32 АЕМ), ағымдағы жылдың қорытындысы бойынша оны 60 пайызға (36 АЕМ) дейін арттыру жоспарлануда.

«Нұрлы жол» бағдарламасының аясында 734,4 млн. теңге  сомасына Ақтау қаласының жаңа шағын аудандарының канализациялық тарату желілерінің құрылысы аяқталды. Жалпы ұзындығы 24,0 мың метр канализация желілерін тартылды.

2016 жылы 3 848,3 млн. теңге көлемінде бөлінген қаражат  есебінен мына 2 объект аяқталып, пайдалануға берілді: «Мұнайлы ауданының Маңғыстау ауылында автономды қазандықтар салу» (710,2 млн. теңге); «Ақтау қаласындағы «Каспий» су тұщыту зауытын өнімділікті арттыру бойынша жаңғырту» (3138,3 млн. теңге).

«Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша 2017 жылы «Форт-Шевченко қаласы мен Баутин ауылында ауыз су құбыры мен тұрмыстық канализация жүргізу. 1-кезек.» жобасын іске асыру басталды. Осы мақсатқа Ұлттық қордан 1 450,4 млн. теңге бөлінді.

Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасының» аясында 2016 жылы бөлінген қаражат есебінен Ақтау қаласы 33 «Аққу» шағын ауданының жол бойындағы аумақтарын абаттандыру аяқталды.

Білім беру жүйесін қаржыландыруға 2017 жылы 62,3 млрд. теңге көздестірілді (1.07.2017 жылға 26,3 млрд. теңге игерілді). Білім беру объектілерін дамытуға – 11,6 млрд. теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен – 11,4 млрд. теңге, жергілікті бюджеттен – 0,2 млрд. теңге көздестірілді.

Жергілікті бюджеттен материалдық-техникалық базаны нығайтуға –            1,7 млрд. теңге, күрделі жөндеу жүргізуге – 698,9 млн. теңге бөлінді.

«Нұрлы жол» бағдарламасының аясында Жаңаөзен қаласының Арай шағын ауданында 320 орындық балабақшаның құрылысы аяқталды. Жаңаөзен қаласының «Рауан» және «Рахат» шағын аудандарында әрқайсысы 900 орындық орта мектептердің, Мұнайлы ауданының Басқұдық және Қызылтөбе ауылдарында әрқайсысы 600 орындық орта мектептердің құрылысы басталды. Осы мақсаттарға Ұлттық қордан барлығы 4,5 млрд. теңге бөлінді.

Республикалық бюджет қаражатының есебінен Құрық ауылының Ералиев станциясында 300 орындық орта мектептің құрылысы басталды. Қазіргі кезде облыс бойынша 134 мектептің барлығы немесе 100 пайыз Интернетке, оның ішінде 115 мектеп немесе 85,8 пайыз кең жолақты Интернетке қосылған.

Бүгінге облыс бойынша 252 мектепке дейінгі мекеме жұмыс істейді, оларда барлығы 33,5 мың бала қамтылған. 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды қамту 84,7 пайыз құрайды (2016 жылы – 83,5 пайыз). Ағымдағы жылдың басынан бері 697 орындық 11 жеке меншік балабақша және Жаңаөзен қаласында 320 орындық 1 мемлекеттік балабақша ашылды.

Денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыруға 2017 жылы 12,6 млрд. теңге көздестірілді (1.07.2017 жылға 5,3 млрд. теңге игерілді). Оның ішінде, денсаулық сақтау объектілерін дамытуға жергілікті бюджеттен 1,6 млрд. теңге көздестірілді. Жергілікті бюджет қаражатының есебінен Ақтау қаласында 150 орындық ана мен баланы қорғау орталығының құрылысы жалғасуда. Материалдық-техникалық базаны нығайтуға 2017 жылға  республикалық бюджеттен – 480 млн. теңге, жергілікті бюджеттен – 294,1. теңге бөлінді. Денсаулық сақтау объектілерін күрделі жөндеуге 1095,8 млн. теңге көздестірілді.

Нәрестелер өлім-жітімінің деңгейі 2017 жылдың қаңтар-маусымында 1000 тірі туылғандарға шаққанда 9,2-ні құрады (2016 жылдың қаңтар-маусымында – 1000 тірі туылғандарға шаққанда 11,0). Ана өлім-жітімінің 2 фактісі тіркелді (2016 жылдың қаңтар-маусымында – 1 жағдай). Негізгі себеп – әйелдер денсаулығының төмен индексі.

Туберкулезбен ауыру 100 мың халыққа шаққанда 2016 жылдың 1 жарты жылдығындағы 34,1-ден 2017 жылдың 1 жарты жылдығында 33,9-ға дейін азайды.

Облыс бойынша спорт және дене шынықтыру саласында айналысатындар саны 10,5 мың бала болатын 18 балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі жұмыс істейді. Облыс бойынша дене шынықтырумен және спортпен айналысатындардың барлық саны 158,2 мың облыс тұрғынын құрайды. Жыл басынан бері облыс бойынша салауатты өмір салты бойынша 23,3 мың адамды жалпы қамтумен 279 спорттық-бұқаралық және дене шынықтыру-сауықтыру іс-шарасы өткізілді.

Ағымдағы жылы инвесторлар есебінен Ақтау қаласының 34 шағын ауданында «Батыр» (ДК «Ильяс Бейсенгалиев») және  33 шағын ауданында «Маңғыстау Арена» (NCOC) спорт кешендері, Ақтау қаласында 2 спорт алаңы және Жаңаөзен қаласында 1 спорт алаңы пайдалануға берілді. Ақтау қаласының № 2, 10, 28 мектептерінің аумағында 3 көп функционалды спорт залын салу және пайдалану жөніндегі МЖӘ жобаларының конкурсы дайындалу сатысында.

Мәдениет саласында объектілердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға 2017 жылы 129 млн. теңге бөлініп, оның ішінде ағымдағы жылдың 1-жарты жылдығында 50,8 млн. теңге игерілді. Облыстық кітапхананың кітап қорын толықтыруға 1,8 млн. теңге бағытталды.

2 тарихи және мәдени ескерткішке («Жамбауыл» қорымы, «Мұрын жырау» мұражайы) 9,5 млн. теңге сомасына реставрациялық-қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, 6 объектіні (Алтынәлі, Бөрілген, Қожакүмбет, Көккүмбет, Жолжан, Айымбет) реставрациялау жұмыстарына 6,7 млн. теңгеге ЖСҚ әзірленуде, қорғау аймақтарының, құрылыс салуды реттеу аймақтарының және қорғалатын табиғи ландшафт аймақтарының 2 жобасы 1,8 млн. теңге сомасына әзірленуде.

Табиғат қорғау іс-шараларына 2017 жылы жергілікті бюджеттен 5,3 миллиардтан астам теңге бөлінді. Ақтау қаласындағы өнімділігі 30 мың метр/тәулік №2 канализациялық тазарту құрылысын (КТҚ) салуды және іске қосу-реттеу жұмыстарын аяқтауға жергілікті бюджеттен ағымдағы жылы 307,1 млн. теңге бөлінді.

Ақтау қаласында 2017 жылы «Таза әлем Кз» ЖШС-нің өнімділігі 40 мың тонна қатты тұрмыстық қалдықтар болатын сұрыптау желісін пайдалануға беру жоспарлануда. «Каспий оперейтинг» ЖШС-мен 2018-2019 жылдарда Ақтау қаласында 80 мың тонна қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған сұрыптау желісін салу мәселесі пысықталуда.

Құқықтық тәртіп пен қауіпсіздік саласында 2017 жылдың 6 айында облыс бойынша тіркелген қылмыстардың жалпы санының 2016 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 25,2 пайызға төмендегені байқалады (4177-ден 3123-ке дейін).

Ауыр қылмыс түрлерінің 18,2 пайызға (352-ден 288-ге дейін), орташа ауырлықтағы қылмыстардың 26,5 пайызға (2198-ден 1616-ға дейін), кiшiгiрiм ауырлықтағы қылмыстардың 26,6 пайызға (711-ден 522-ге дейін) төмендегені байқалады. Қоғамдық орындарда 2,2 пайызға (549-дан 537-ге дейін), көшеде 4,0 пайызға (328-ден 315-ке дейін), топтық қылмыстар 21,7 пайызға (244-тен 191-ге дейін) аз қылмыс жасалды. 2017 жылдың 6 айында барлығы 1759 қылмыс, оның ішінде 27 – аса ауыр және 267 – ауыр қылмыс ашылды.

Өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда жол-көлік оқиғаларының (ЖКО) саны 9,5 пайызға (137-ден 124-ке дейін) және оларда жараланған азаматтар саны 4,9 пайызға (162-ден 154-ке дейін), сондай-ақ қаза тапқандар саны 7,7 пайыз (26-дан 24-ке дейін) азайды.

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігін қолдану арқылы «Қауіпсіз қала» пилоттық инвестициялық жобасын іске асыру мәселесі пысықталуда. Осы жоба шеңберінде ағымдағы жылы Ақтау қаласында 500 камера орнату жоспарлануда. Ішкі істер органдарының материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында ағымдағы жылы 25 жаңа патрульдік автомашина сатып алынып, жыл соңына дейін тағы 27 автомашина сатып алу көздестірілді.

Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және төтенша жағдайлардан сақтандыру үшін, ауа компрессорларын, өрт сөндіру автоцистернасын, өрт-сорғы станциясын, сондай-ақ Медициналық апаттар орталығы үшін медициналық жедел жәрдем автомобилін, радиостанция және медициналық жабдық сатып алуға жергілікті бюджеттен 287,2 млн. теңге бөлінді.

Жаңаөзен қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың кешенді жоспарын іске асыруға 2017 жылы – 1 261 млн. теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен – 103 млн. теңге, жергілікті бюджеттен – 957,9 млн. теңге, «Өзенмұнайгаз» АҚ қаражатынан – 200 млн. теңге бөлінді. Осы қаражатқа жұмыссыздарды жаңадан құрылған жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру, шағын ЖЭО-ның, электрмен жабдықтау желілерінің құрылысын, еділ суын тәулігіне 30 мың текше метрге дейін ауыз су сапасына дейін жеткізіп дайындау үшін су тазарту құрылыстарын салуды аяқтау жоспарлануда. «Рахат» шағын ауданының: Гүлдер көшесінің, Балауса көшесінің, Жемісті көшесінің автомобиль жолдарының құрылысы басталды.

Облыста тұрақты қоғамдық-саяси ахуал сақталуда. Бүгінгі күнге облыста 102-ден аса ҮЕҰ белсенді және табысты жұмыс жасайды. Барлық қалалар мен аудандарда үкіметтік емес секторды қолдау және дамыту жөніндегі жергілікті ресурстық орталықтар жұмыс істейді.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың 2017 жылға арналған көлемі 373,8 млн. теңгені құрады (2016 жылы – 238,8 млн. теңге). Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асырудың салалық қағидаты қолданылады, ҮЕҰ-ды қаржыландыру 20 мемлекеттік органда көздестірілген.

Жыл басынан бері өңірлік Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын және «Бес инстутуционалдық реформаны іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам» ұлт жоспарын, Мемлекет басшысының «Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын кеңінен түсіндіру бойынша 27 брифинг ұйымдастырылды.

«Туған жер» бағдарламасын іске асыру шеңберінде өңірлік Жоба кеңсесі құрылды. «Туған жер» бағдарламасының негізгі бағыттарының шеңберінде Өңір жобаларының тізілімі қалыптастырылып, оған 200-ден астам іс-шара енгізілді.

Жоғарыда жазылғандарға сүйене отырып, облыстық мәслихат           ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Облыс әкімі Е. Тоғжановтың есебі қаперге алынсын.

2. Ұсынылсын: 

1) қалалар мен аудандардың әкімдеріне, облыстық басқармалардың басшыларына:

Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын уақытылы іске асыруды қамтамасыз етуге;

«Бес институционалдық реформаны іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам» ұлт жоспарын тиімді іске асыру бойынша шаралар қабылдауға;

экономика салаларында экономикалық өсімді қамтамасыз ету бойынша барлық қажетті шараларды қабылдауға;

«Нұрлы жол», ИИДМБ, «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі», «Нұрлы жер», «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» сияқты басым мемлекеттік және салалық бағдарламаларды, «Туған жер» бағдарламасын, облыстың, қалалардың және аудандардың 2016-2020 жылдарға арналған Аумақтарды дамыту бағдарламасын, Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған кешенді жоспарын тиімді іске асыруды қамтамасыз етуге;

бюджет қаражатын, оның ішінде республикалық бюджеттен және Ұлттық қордан берілетін нысаналы трансферттерді уақытылы және сапалы игеруді қамтамасыз ету.

2) облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасына                           (Н.Қ. Қарасаев):

тұтастай 2016 жылмен салыстырғанда мұнай өндіру және өнеркәсіптік өндіріс көлемінің өсімін қамтамасыз ету мақсатында облыстың мұнай-газ кәсіпорындарымен тығыз жұмыс жасауды қамтамасыз етуге;

Маңғыстау облысының өңірлік Кәсіпкерлікті қолдау картасының (ИИДМБ) аясында ағымдағы жылға көздестірілген жобаларды іске асыруды, жаңа жобаларды іздеуді және Картаны уақытылы өзектілендіруді қамтамасыз етілсін.

3) облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына (С.Б. Берішбаев):

инвестициялар тарту және агроөнеркәсіптік сектордағы өңдеу өндірістерін дамыту, Маңғыстау облысының Қайта өңдеу картасын іске асыру бойынша пәрменді шаралар қабылдансын.

4) облыстық құрылыс басқармасына (Л. Бекжанов):

Статистика департаментімен бірлесіп, облыс аумағында жүргізіліп жатырған барлық құрылыс жұмыстарының толық статистикалық есебін, 2016 жылмен салыстырғанда олардың көлемін ағымдағы жылдың соңына дейін өсіруді қамтамасыз етуге;

қалалар мен аудандардың әкімдерімен бірлесіп, бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша жоспарланған барлық конкурстық рәсімдерді аяқтауды, сондай-ақ ағымдағы жылға көздестірілген барлық объектілерді аяқтауды және пайдалануға беруді қамтамасыз етуге;

тұрғын үй, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым және әлеуметтік нысандарды салуға Ұлттық қордан және ҚР Үкіметінің арнайы резервінен қосымша бөлінген ақшалай қаражаттың уақытылы және тиімді игерілуін қамтамасыз ету.

5) облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысына                        (В.Т. Мұстапаева):

ауыл шаруашылығы басқармасымен және «Каспий» ӘКК» ҰК» АҚ-мен бірлесіп, әлеуметтік мәні бар азық-түлік тауарларына арналған бағалардың негізсіз өсуіне жол бермеу, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстары жалғастырылсын;

«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында шағын және орта бизнес саласындағы өндірістерді дамыту жұмысын жандандыру.

6) Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына (Г.М. Қалмұратова) қалалар мен аудандардың әкімдерімен, кәсіпкерлік және сауда, ауыл шаруашылығы, білім басқармаларымен  бірлесіп:

«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының аясында көздестірілген, оның ішінде халыққа микрокредиттер беру бойынша барлық іс-шараларды іске асыруды қамтамасыз етуге;

қолда бар мемлекеттік және басқа да бағдарламалардың барлық құралдарын пайдаланумен тіркелген жұмыссыздар санын төмендету бойынша шаралар қабылдау.

7) Облыстық білім басқармасына (З.Ж. Тастемірова):

балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеумен және оқытумен қамтуды, оның ішінде МЖӘ (мемлекеттік – жеке меншік әріптестік орталығы) тетіктерін қолданумен балабақшалар салу есебінен арттыру, білім беру сапасын көтеру бойынша жұмысты жалғастыру;

жалпы білім беретін орта мектептердің, колледждердің түлектерін, оның ішінде жастар практикасының аясында әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыруға тұрақты мониторинг жүргізу.

8) Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына                      (Х.Х. Нұрғалиева):

экономиканың барлық салаларында оң өсімді қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі макрокөрсеткіштеріне тұрақты мониторинг жүргізу.   

3. Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Сессия төрағасы

                Облыстық 

                мәслихат хатшысы

 

                 Қ. Әбдірахман

                               Б. Жүсіпов