05.12.2017

Депутаттардың сайлаушылармен жыл сайынғы кездесуі


Ағымдағы жылдың 4 желтоқсан күні Ақтау қаласының № 21-ші орта мектебінде, облыстық мәслихаттың депутаттары және қалалық мәслихат депутаттары сайлаушылармен кездесуін өткізді.  Кездесу барысында облыс бюджетіне байланысты атқарылған жұмыстар туралы облыстық мәслихат депутаты Өрісбаев Аббат Жәңгірханұлы: «Облыс бюджеті 2017 жылы 162 млрд. теңге көлемінде бекітілген болатын. Жыл басынан бері өңір қазынасы үш рет нақтыланып, нәтижесінде қазіргі күні облыс бюджетінің көлемі 176 млрд. теңгені құрап отыр. 

 Биыл бюджет параметріне бірнеше өзгерістер енгізілген.  Оның ішінде ағымдағы трансферттер бойынша - денсаулық сақтау саласында амбулаториялық деңгейде дәрiлiк заттарды және басқа да препараттарды сатып алуға қосымша 170 млн.теңге бөлінген. Ауыл шаруашылығы жануарларын, техниканы сатып алуға несие беруге қосымша 21,7 млн.теңге қаражат қаралған. Ал, транспорттық инфрақұрылымды дамытуға қосымша  10,3 млрд. теңге қарастырылып отыр. Аталған қаражат «Қияқты-Тұщықұдық», «Құрық – Құрық порты» автожолын қайта құрылымдауға және «Ата жолы» тасжолының 51 шақырымын  жасауға бөлінген.

              Биыл бюджет түсімінің өсу қарқыны өткен жылмен салыстырғанда 7-10% құрайды. Бірақ, болжанған жоспардың орындалмау қаупі бар. Осыған байланысты, бюджет қаржысының 100% игерілуін қамтамасыз ету мақсатында аудандар мен қалалар өз бюджеттеріне талдау жұмыстарын жүргізуде.

  Облыста құны 4 млрд. теңгеден асатын 9 мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы іске асырылып жатыр. Атап айтсақ, Ақтау қаласында 225 пәтерлік тұрғын үй, барлығы 1260 орындық 5 балабақша мен облыс орталығында 3 спорт залдың құрылысы жүргізілуде. Биыл 4 балабақша және бір спорт залы пайдалануға берілетін болады. Жиында тағы жалпы құны 57 млрд. теңге болатын 7 мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын ұсынды.  Сондай-ақ, Мұз сарайын салынуы көрсетілген жоспарда» деп қысқаша мәлімдеме жасады.


 

Келесі № 7, 8, 9, 10-ші округ сайлаушылармен кездесу ағымдағы жылдың 6 желтоқсан күні, Ақтау қаласының № 16 орта мектебінде жоспарланған. 

 

                                                                                                             Маңғыстау облыстық мәслихатының аппараты