29.09.2017

Облыстық мәслихаттың XIII сессиясы өтті


Қыркүйектің 29 күні облыстық мәслихаттың кезектен тыс ХІІI сессиясы өтті. Жиынға облыс әкімі Ералы Тоғжанов және қала, аудан басшылары қатысты.

Халық қалаулылары алдымен облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқарма жетекшісінің міндетін атқарушы Халила Нұрғалиеваның  «2017-2019 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жайында ұсынысын тыңдады.

Жиында сөз алған өңір басшысы Ералы Лұқпанұлы 2017 жылдың екінші жарты жылдығын қорытындылауға қатысты бір қатар мәселелерге тоқталды. Атап айтсақ, туризм, ауылшаруашылық саласын дамыту, міндетті медициналық сақтандыруды жүйесін енгізу, жаңа жұмыс орындарын ашу әрі оларды сақтап қалу және қоғамдық қауіпсіздікті бақылау жұмыстарын күшейту.

Сессия соңында тараптар аталған мәселелер бойынша шешім қабылдап, келесі отырыстың күнтәртібін белгіледі.