04.08.2017

ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ КЕЗЕКТІ 11-СЕССИЯСЫ ӨТТІ


 Бүгін облыстық әкімдікте №21 сайлау округінің депутаты Қуанышбек Спанұлы Әбдірахманның төрағалығымен 6-сайланған Маңғыстау облыстық мәслихатының кезекті 11-сессиясы өтті. Күн тәртібінде 16 мәселе қаралды. Сессия жұмысына облыс әкімі Е. Тоғжанов пен оның орынбасарлары, басқармалар мен департамент басшылары, қоғамдық ұйымдар мен БАҚ өкілдері қатысты.

   «Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі облыс әкімінің есебі туралы» мәселе бойынша облыс әкімі Е.Тоғжанов баяндама жасады. Мәселе бойынша облыстық мәслихат хатшысы Б. Жүсіпов сөз сөйледі.

   «Облыстың ішкі істер органдары жергілікті полиция қызметі басшысының есебі туралы» мәселе бойынша облыстың ішкі істер органдары жергілікті полиция қызметінің басшысы Ұ.Мылтықов баяндама жасады. Мәселе бойынша облыстық мәслихат депутаты М.Дүйсенбаев сөз сөйледі.

   «Облыстық мәслихаттың 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 6/65 «2017-2019 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәселе бойынша сөз облыс әкімінің орынбасары Ш.Ильмұханбетова сөз сөйледі.

   «Маңғыстау облысы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасының және мүшелерінің мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы», «Маңғыстау облысы бойынша Тексеру комиссиясы төрағасының және мүшелерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекіту туралы», «Маңғыстау облысы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасын және мүшелерін тағайындау туралы» мәселелер бойынша облыстық мәслихат хатшысы Б. Жүсіпов сөз сөйледі.

Дерек көзі: Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі