21.07.2017

Туризмді дамыту мәселесіне жан-жақты қарау керек


Бүгін облыстық маслихаттың кезекті 10-шы сессиясы өтті. Сессияда аймақтағы туризмді дамыту мәселесі талқыланды.

 

   Маңғыстау облысында туризмді дамыту – аймақтағы перспективалық бағыттардың бірі болып табылады. Ыңғайлы географиялық жерде орналасқан Маңғыстау облысы Каспий теңізінің жағасындағы жалғыз аймақ болып табылады. 2016-2020 жылдарға арналған Маңғыстау облысын дамыту бағдарламасына сәйкес облыстағы туризм саласын дамытудың стратегиялық жоспары бекітілді.

    Туризм басқармасының басшысы Гүлжан Байжаунова атап өткендей, туризм басқармасының негізгі міндеттері: туристік қызметті дамытуды қамтамасыз ету, туристік қызметтердің сапасын көтеруді қамтамасыз ету, Маңғыстау облысының туристік өнімін ілгері жылжыту.  

Облыстық маслихаттың сессиясында туризмді дамыту ұсыныстарымен облыстық маслихаттың депутаты Дмитрий Клинчев сөз сөйледі.

   Облыс әкімі Ералы Тоғжанов сөз сөйлегендерді қолдап, туризмді дамыту мәселесіне жан-жақты қарау керек екенін атап айтты. Бұл қызмет ету сервисінің жақсаруы, облысымыздың тарихи-мәдени ескерткіштеріне саяхаттар, демалыс үйлері мен сауықтыру орталықтары құрылысының ірі жобаларын іске асыру.

 

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі