17.02.2017

Қоғамдық кеңес


Ағымдағы жылдың 16 ақпан күні Маңғыстау облысының Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті.Отырыста Қазақстан Республикасы «Қоғамдық кеңестер  туралы» Заңының 23 бабының, 1 тармағында сай Маңғыстау облысының Қоғамдық кеңесі алдында облыс әкімі есеп берді және облыстық мәслихаттың хатшысы мен Қоғамдық кеңес төрағасының қосымша баяндамалары тыңдалды.

1.  Облыс әкімі А. Айдарбаевтың Маңғыстау облысының Қоғамдық кеңес алдында берген есебін тыңдап және талқылап Қоғамдық кеңес біршама жұмыстар атқарылып жатқанын атап өтіп, оң баға берді.

2.  Облыстық мәслихат хатшысының есебі қаперге алынсын.

3.     Ұсынымдар:

1)    Облыс әкіміне (А.Айдарбаев):

Жыңғылды ауылының 80 орындық «Ақ шағала» балабақшасының ауласында балалар ойнайтын әткеншек, сырғанақ, дене шынықтыруға арналған құралдары жоқ. Сонымен қатар ауылда спорт кешенін салуға ықпал ету;

полиция қызметкерлерін оқыту, даярлау үшін ғимарат мәселесін шешуге ықпал ету;

 

Құрық ауылына Жаңаөзен қаласының халқы көбейіп кетуіне байланысты, көбейіп жатқан басқа да елді мекендердің халқын көшіру сынды жоспар қарастыру.

 

 

mangsov.kz