23.02.2017

Облыстық мәслихаттың кезекті 7-сессиясы


   № 13-ші сайлау округінің депутаты Н. Ғұбашовтың төралығымен ағымдағы жылдың 23 ақпанында облыстық мәслихаттың кезекті 7-ші сессиясы болып өтті. Сессияға облыс әкімі А. Айдарбаев және облыс әкімінің орынбасарлары, басқарма мен департамент басшылары, қала, аудан әкімдері, қоғамдық кеңес мүшелері, кәсіпорындар басшылары, БАҚ өкілдері қатысты. Сессияның күн тәртібінде барлығы 15 мәселе қаралды.

    Оның ішінде, «Ұлт жоспары – «5 институционалдық реформаны жүзеге асыруға бағытталған 100 нақты қадам» жоспарына сәйкес облыста әлеуметтік көмекті оның атаулы сипатын күшейту және оңтайландыру жайы туралы» және «Облыстық мәслихаттың 2015  жылғы 10 желтоқсандағы № 29/431 «Маңғыстау облысын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасы туралы»  шешіміне өзгеріс енгізу туралы» екі мәселе бойынша облыс әкімінің орынбасары Шолпан Лазарқызы Елмұханбетова баяндама жасады. Бірінші мәселеге қатысты облыстық мәслихат депутаты Қ. Әбдірахман сөз сөйледі.

   Келесі кезекте облыстың Ішкі істер департаменті жергілікті полиция қызметінің бастығы Амангелді Қайырмұхаммедұлы Халмұрадовтың  және облыстық мәслихаттың экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы Аббат Жәңгірханұлы Өрісбаевтың есебі тыңдалды. Ішкі істер департаменті жергілікті полиция қызметі бастығының есебіне қатысты облыстық мәслихат депутаты А.Меңдібаев сөз сөйледі.

   Облыс әкімі аппаратының басшысы А. Рзаханов облыстық мәслихаттың шешімі бойынша бір топ азаматты Маңғыстау облысының Құрмет грамотасымен марапаттады.

    «Маңғыстау облысын жылу маусымына дайындық және оны өткізу Қағидаларын бекіту туралы», «Бейнеу ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы», «Маңғыстау облысы бойынша 2017 жылға арналған жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін бекіту туралы», «Маңғыстау облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы», «Облыстық мәслихаттың 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 29/436 «Маңғыстау облысы бойынша қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы ставкалары туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы», «Облыстық мәслихаттың 2012 жылғы 27 шілдедегі № 5/52 «Облыс әкімдігі жанындағы Құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомоствоаралық комисияның құрамы туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы», «Облыс әкімдігінің 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 367 және облыстық мәслихаттың 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 6/73 «Маңғыстау ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы» қаулысы мен шешіміне өзгерістер енгізу туралы», «Облыстық мәслихаттың 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 6/85 «Облыстық мәслихат аппаратының құрылымы және оны ұстауға әрі материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуге арналған шығыстар туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы», «Облыстық мәслихаттың 2013 жылғы 10 желтоқсандағы № 13/191 «Ақтау агломерациясын 2020 жылға дейін дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы» шешімін жою туралы» мәселелер қаралып, депутаттардың бірауыздан қолдауымен қабылданып, бекітілді.