12.01.2017

Мәслихат хатшысы


Серікбай Өтелгенұлы Трұмов  1964 жылы 3 маусымда ҚКСР Гурьев облысы Форт-Шевченко қаласында дүниеге келген. Ұлты қазақ. Білімі жоғары, 1992 жылы инженер-құрылысшы мамандығы бойынша В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын тәмамдады.

1981-1990 жж. – «Маңғышлақауылқұрылыс-12» тресінде әр түрлі қызметтерде болған;

1990-1994 жж. – «Маңғышлақауылқұрылыс-12» тресінде ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі; Қазақстан ЛКЖО Форт-Шевченко қалалық комитетінің бірінші және екінші хатшысы, оқу-өндірістік комбинатының оқытушысы;

1994-1995 жж. – Түпқараған аудандық мәслихатының бас маманы;

1995-2004 жж. – «Түпқараған» ЖШС жетекші инженері, бөлім бастығы, директоры;

2004-2006 жж. – Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының әкімі;

2006-2008 жж. – Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары;

2008-2012 жж. – Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының әкімі;

2012-2015 жж. – Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының әкімі;

2015-2017 жж. – Ақтау қаласының әкімі.


2017 жылы қараша айында 6 сайланған Маңғыстау облыстық мәслихатының хатшысы болып сайланды.

6-шы сайланған Маңғыстау облыстық мәслихатының № 6 сайлау округінің депутаты.

Қазақ, орыс тілдерін меңгерген. 

«Нұр Отан» партиясының мүшесі.

Мынадай мемлекеттік наградалар мен құрметті атақтардың иегерлері:

«Ерен еңбегі үшін», «ҚР Парламентіне 10 жыл» және «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл».


 2016 жылы Орден «Құрмет» марапатталды.